Қазақстандықтар заңды түсінбей «Елбасы» сөзін қолданып жүр.
Бұл туралы заң ғылымдарының докторы Ермек Абдрасулов айтты.
Қазір Ата заңда «Елбасы» сөзі жоқ. Конституцияны тікелей қолдануымыз керек. Ертең басқа қандай заңдар шығады, «Тұңғыш президент туралы» заң қашан күшін жояды деп күтудің керегі жоқ. Сондықтан «Елбасы» терминін ақпарат саласындағылар, мемлекеттік органдар пайдаланбауы керек. Бұл түсінбегендіктен болып отыр,
деді профессор.
Егер пайдаланса, олар Ата заңды бұзып отыр деген сөз. Олар «Жоқ, бұл мұндай заңда бар» деп айтса, одан жоғары Ата заң тұр ғой деу керек. Менің ойымша, болашақта ондай адамдарды жауапкершілікке тарту мәселесін де қарастыру қажет
Ермек Абдрасулов алдымен халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек деген пікірде. Алайда одан нәтиже шықпаса, айыппұл салынуы тиіс.