Cалық

Елде қашаннан бастап салық өседі?

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ұлғайтылған АЕК салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуде қашаннан бастап қолданылатынын айтты.

Комитет мәліметінше, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі есептік көрсеткіш (АЕК) 3 692 теңге мөлшерінде белгіленген.

Бұл АЕК мөлшері 2023 жылғы 5 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңмен белгіленген, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Салық кодексіне сәйкес, ең төменгі есептік көрсеткіш бірқатар салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуде қолданылады.

Бұл салықтарға, тіркеу және рұқсат алу алымдарына, барлық төлем мен мемлекеттік баждарға қатысты. Осы төлемдер мен салықтарды есептеу кезінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін АЕК сомасы қолданылады, яғни 3 692 теңге.

Сондай-ақ, Салық кодексінің нормаларында кірістерді түзету, салық шегерімдері, сондай-ақ жеке табыс салығы салынатын кірістер ретінде қарастырылмаған кірістер АЕК баламасында қарастырылған.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаның кірісі болып есептелмейтін кірістерді, салық шегерімдерін және кірістерді есептеу үшін 3 692 теңге мөлшерінде АЕК қолданылады,

делінген МКК-нің Tengrinews.kz сауалына берген жауабында.

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа 2024 жылдан бастап арнаулы салық режимдерін қолдану шарттарына сәйкес осындай режимдерді қолдану үшін шекті табысты айқындау кезінде 3692 теңге сомасында АЕК пайдаланылатынын атап өтті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

14 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

21 час ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

22 часа ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

4 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

4 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

4 дня ago