Кем дегенде 50 мың дауыс жиналуы керек.
Бүгін Парламенттің төменгі палатасы Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Петиция берілген күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде оған кемінде еліміздің 150 азаматы қосылуы қажет.
Мұндай тәжірибе петиция институты құрылған бірқатар елде (АҚШ, Өзбекстан және тағы басқа) қолданылады. Бұл — қоғамдық деңгейдегі мәселе емес, жекелеген азаматтардың өтініштерін қысқартуға мүмкіндік береді.
Петицияны міндетті түрде қарау үшін оны қолдайтын дауыстардың шекті мәндері қарастырылған.
- Аудандық деңгей (әкімдіктер) халқы 50 мыңнан асатын болса, 2,5 мың дауыс, қалғандары үшін халық санының кемінде 5%-ы болуы керек;
- Аудандық деңгей (мәслихаттар) — халқы 50 мыңнан асатын болса, 5 мың дауыс, қалғандары үшін халық санының кемінде 10%-ы;
- Облыстық деңгей (әкімдіктер) — тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің тұрғындарының 1% дауысы;
- Облыстық деңгей (мәслихаттар) — тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының кемінде 2%-ы;
- Республикалық деңгей (Үкімет) — кемінде 50 мың дауыс.
Министрдің айтуынша, петицияны қарау барысында мемлекеттік орган петиция авторын шақырып, хабардар ете отырып, мемлекеттік орган шешімінің жобасын жария талқылауды ұйымдастырып, жеке комиссия немесе жұмыс тобын құрады.
Петиция бойынша шешімді мемлекеттік органның бірінші басшысы ғана қабылдайды.