- Президент қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл мәлімдемесі қазіргі билікті жақтаушылар мен сыншыл аудитория арасында пікірталас тудырған резонанс оқиға болды;
- Тіркелмеген демократиялық партияның жетекшісі, оппозиция саясаткері Жанболат Мамай Алматының тергеу изоляторынан үйқамаққа шығарылды. Жартылай босатуды оппозиция аудиториясы қауымдастықтың «ортақ жеңіс» ретінде бағалады;
- Бас прокурор өткен жылы ведомствоның күшімен ел бюджетіне 630 миллиард теңге қаражат пен мүлік қайтарылғанын айтты.
- Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың енгізілгенін хабарлады;
- Өз-өзіне қол жұмсаған сержант Ербол Мұсабаланов туыстарының үндеуі БАҚ назарын қайғылы оқиғаға тағы да аудартты. Олардың айтуынша, әскери соңғы хатын жазып кеткен, онда ол өліміне бастықтардың қысымы себеп болғанын айтып, олардың аты-жөнін жазып кеткен.
- Оралда «өгей қызын зорлады» деп айыпталған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды;
- Банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деген айыппен 10 жылға сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди ҰҚК қызметкерлерінің азаптау ісінде жәбірленуші деп танылды.
- Қысқы қасірет шежіресі болып саналатын «Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес» кітабының жарыққа шығуы туралы хабар ерекше назар аударды.
Оставить комментарий