Елдегі жол сапасы нашар өңірлер белгілі болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев үкімет отырысында елдегі жол сапасы нашар өңірлерді атады.

Биыл өңірлердегі автожолдар сапасы тексерілді.

Биыл жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын бақылау кезінде 9 мыңға жуық сынама алынды. Оның 2,5 мыңы, яғни 28%-і талапқа сай емес,

деді Қайырбек Өскенбаев.

Министрліктің баспасөз қызметі жол сапасы бойынша талапқа сай келмейтін өңірлер тізімін жариялады:

  • Шымкент — 71%;
  • Маңғыстау облысы — 61%;
  • Алматы — 56%
  • Шығыс Қазақстан облысы — 49%;
  • Батыс Қазақстан облысы — 43%;
  • Түркістан — 40%.

Ескертулерге қарамастан, тапсырыс берушілер нысандарды пайдалануға қабылдап жатыр. Кейбір өңірде мұндай деректер бойынша қылмыстық істер қозғалды,

деді министр.

Министр қаржыландыруды тең бөлу мәселесі өзекті екенін де айтты. Кейбір өңір бұл талаптарды орындамайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына қарамастан, Батыс Қазақстан облысында жол жағдайы төмен. Былтыр жыл аяғында облыстағы жолдардың нормативтік жағдайы 39% болса, орташа республикалық көрсеткіші 80% болған. БҚО әкімдігі биыл 2,6 миллиард теңге бөлді. Бұл — жалпы бюджеттің 10%-і, ал қажет қаржының 30%-і,

деді Қайырбек Өскенбаев.
Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

31 минута ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

22 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

23 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago