Бас сүйегі жабысып туған: Дәрігерлер сиам егіздерін сәтті ажыратты

Бразилияда дәрігерлер ота арқылы бас сүйектері жабысып туған сиам егіздерін сәтті ажыратты, деп хабарайды BBC агенттігі.

Мұндай егіздерді «краниопаг» деп те атайды. Рио-де-Жанейродағы үш жасар Бернардо мен Артур Лимаға лондондық Рейт-Ормонд балалар ауруханасы дәрігерлерінің басшылығымен ота жасалды. Дәрігерлер балаларды қауіпсіз ажыратудың  жолдарын іздестіріп, бір айдан астам уақыт дайындалған.

Хирург Нур уль Овасе Джилани отаны «ғарыштық дәуірдің жемісі» деп атады. Сөзінше, әр елдің дәрігерлері алғаш рет «виртуалды бөлмеде» бірге жұмыс істеген. Gemini Untwined (егіздерді ажырату) клиникасының негізін қалаған дәрігер Джилани бұған дейін  Пәкістан, Судан, Израиль және Түркияда егіздерді ажырату бойынша ота жасаған. 

Егіздерді институтқа ата-анасы екі жарым жыл бұрын алып келген. Осы уақыт аралығында олар бақылауда болған. Егіздерге барлығы 7 ота жасалып, соңғысы 27 сағатқа созылды. Оған 100-ден астам дәрігер қатысты.

Бернардо мен Артура ажыратылған соң қан қысымы мен жүрек соғысы бірден жоғарылап кеткен. Дәрігерлер мұндай жағдай барлық сиам егіздерінде болатынын айтады. Төрт күннен кейін олар бір палатаға жатқызылып, бір-бірінің қолынан ұстауға мүмкіндік берген. Тек осыдан кейін ғана қысым қалпына келіпті.

Егіздер қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Алдағы уақытта олар 6 айлық сауығу кезеңінен өтеді.

bbc.com

Статистика бойынша сиам егіздері әр 50-60 мың жағдайда бір рет дүниеге келеді. Ал олардың тек 5%-ы ғана краниопаг болады екен. 

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 минут ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

19 минут ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

52 минуты ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago