Categories: Саясат

Елді тонап қашқан шенеуніктердің бірі де оралған жоқ –А.Құспан

Өткен аптада  Біріккен ұлттар ұйымының жөнсіз ұстаулар жөніндегі жұмыс тобы Астананы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті «шұғыл бостандыққа шығаратын іс-шара қабылдауға» шақырған болатын. Осы орайда, заңгер және қоғам белсендісі Абзал Құспан «біздің шенеуніктерді «қорғағыш» шетелдік ұйымдардың өзіндік мақсаты бар» деп отыр.

Заңгердің айтуынша, осы уақытқа дейін Қазақстанды тонап, шетелге қашқан шенеуніктердің елге оралмауының астарында шетелдік ұйымдардың мақсат-мүддесінің де қатысы бар.

«Қазақстанның бюджет қаражатын ұрлап, тонап қашып кеткен ірі-ірі олигархтар мен шенеуніктердің біреуі де Қазақстанға қайтқан жоқ, байқайсыздар ма? Олардың барлығын барған елдердің өз мемлекеттері қорғауына ала қояды. Неге екенін түсіндірейін. Мысалы, Ұлыбритания мемлекетін алып қарайық! Сіз егер Ұлыбритания мемлекетіне 3 млн стерлинг апарып салатын болсаңыз, ол ақшаны сіз ұрлап алдыңыз ба, жырлап алдыңыз ба, маңызды емес. Сізге ерекше статус беріп қарсы алады. Яғни, үлкен қаражатпен қашқан олигархтар, экс-шенеуніктерді олар өздерінің панасына алады. Өйткені келген қаражат олардың экономикасына жұмыс жасайды.

Екінші мысал келтірейін! Күні кеше ғана БҰҰ-ның адам құқығын қорғау жөніндегі комитеті Кәрім Мәсімовке қатысты мәлімдеме жасады. «Заңсыз ұсталып, заңсыз қамалып отыр» деді. Дереу босату туралы хабарлады. Бұл әділетті ме, әділетсіз бе? Бұған көрермендердің өзі қорытындыны жасасын!

 Егер шетелдік араласын болса, біз халықаралық ұйымдар деген кезде, шетелдік ұйымдарды  айтып отырмыз ғой. Біз шетелдік ұйымдардың да өзіндік мақсат-мүддесі бар екендігін ұмытпауымыз керек», – деді Абзал Құспан.

Еске салсақ, біраз жыл мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқарып, халық үшін маңызды шешімдер шығаруға атсалысып, артынша мемлекет қаражатын тонап, шетелге тайып тұрған шенеуніктер жетерлік.

Олардың қатарында Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин, экс-банкир Мұхтар Әблязов, Қазақстанның мемлекеттік қайраткері, Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов, медсақтандыру қорының экс-басшысы Талапкер Иманбаев, экс-әкім мен экс-депутат Бергей және Аманжан Рысқалиевтар бар.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago