Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Спорт > «Елдос бұлқан-талқан болды»: Сметовтың бапкері Олимпиада алдындағы іріктеу жайлы айтты
Спорт

«Елдос бұлқан-талқан болды»: Сметовтың бапкері Олимпиада алдындағы іріктеу жайлы айтты

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 02.08.2024
Обновлено 02.08.2024 в 04:08
Поделиться
Поделиться

Дзюдошы Елдос Сметов Париж Олимпиадасына бару үшін барын салған.

Франция астанасы Парижде журналист Аслан Қаженовке сұхбат берген Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің Олимпиада алдындағы қиындықтары туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Олимпиада ойындарының алдында Елдос Сметов Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында 5-орын алып қалды. Сол сәтсіздіктен кейін Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын кім қорғайды деген мәселе көтерілді. Нәтижесінде Алматыда басты үміткер үш дзюдошы – Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев және Мағжан Шамшадин арасында қосымша мини-турнир бәсекесі өтті. 

— Үш үміткерді күрестіру туралы әңгіме шыққанда Елдос бұлқан-талқан болды. Мен де ашуландым. Екеуміз де демалыста болатынбыз. Ақыры сабырға келіп, Елдосқа күресесің дедім. Олар да жау емес. Елдостың өзінің інілері. Біршама жас дзюдошылар. «Біреуін оңға таста, екіншісін солға лақтыр» дедім. Сол жекпе-жектерде Елдос екеуін де жеңіп, Қазақстан атынан Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алды, — деді Ғалымжан Жылгелдиев.

Сондай-ақ ол дайындық барысында өзге де кедергілер аз болмағанын жеткізген.

— Екі жыл бұрын Қазақстанға Франциядан мамандар келіп, ұлттық құрамаға кеңесші-бапкер ретінде біздің дзюдошыларды жаттықтыра бастады. Басында мен де көрсін дедім. Бірақ бағдарламасы өзіме ұнаған жоқ. Бізді жақындатпады. Содан Елдостың өзі «Маған бұл бағдарлама ұнап тұрған жоқ, сізбен дайындаламын» деп төтесінен айтты. Алайда шәкіртімнің қасында жүруіме көп адамдар қарсы болды. Жанына жолатпауға тырысты. Сол кезде төраға Ербол Мырзабосынов (ҚР Спорт және туризм министрлігі Спорт комитетінің төрағасы) көмектесті. «Ғалымжан, сізге не керек? Қандай жағдай жасайық? Өзіңізге сенеміз!» деп маған Елдосты жеке шығарып берді. Жаттығуымызға барлық жағдайды жасады. Тіпті, Олимпиаданың өзінде жарыс өтіп жатқан залға кіріп-шығуымызға дейін көмектесті, — деді Елдостың жеке бапкері журналист Аслан Қаженовке берген сұхбатында.

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Руханият
Арман Ерғалиев 02.08.2024
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?