Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Электромобиль иелері үшін тұрақ тегін болады
Қоғам

Электромобиль иелері үшін тұрақ тегін болады

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі 22.05.2024
Обновлено 22.05.2024 в 03:05
Поделиться
Поделиться

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды.

Бұл заңға Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашы болып, палата 2024 жылғы 17 қаңтарда бірінші оқылымда мақұлдады. Заңның мақсаты — электрмобильдер инфрақұрылымын дамыту.

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мәліметінше, құжат аясында ҚР Жер кодексіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» және «Жол жүрісі туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заңның негізгі нормалары:

— «электромобиль» және «электрқуаттау станциясы» деген жаңа ұғымдарды енгізуге;

— жолдарды жобалаған кезде электрқуаттау станцияларын орналастыру үшін бөлек орындар бөлуге;

— электрқуаттау станцияларын жол бойындағы сервис объектілеріне жатқызуға және олар үшін жекелеген орындар белгілеуге;

— аумақты егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында электрқуаттау станцияларын орналастыру үшін, оларды тұрғын және қоғамдық аймақтарда орналастыруды қоса алғанда, резервке қоюға;

— жергілікті атқарушы органдардың әуежайларда, вокзалдарда, 1 және 2-санаттардағы тұрақты сауда объектілерінде, сауда базарларында, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында, сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда электрқуаттау станциялары бар таксилердің тұрағын ұйымдастыру және жабдықтау жөніндегі функцияларын белгілеуге;

— ерекше қорғалатын аумақты жоспарлау жобасында электр желілеріне қол жеткізе алатын электрқуаттау станциялары бар тұрақтар үшін орындарды орналастыруға;

— электромобильдердің тұрағы үшін арнайы бөлінген орындарды бөлуге;

— электромобильдердің иелерін орынтұрақ жерінде ақы төлеуден босатуға бағытталған.

Заңды екінші оқылымда талқылау кезінде депутаттар қосымша түзетулер енгізді. Бұл тұрғыда электрқуаттау станцияларын орналастыру үшін ортақ пайдаланудағы жерлерден уақытша жер пайдалануға жер учаскелерін беру, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және ауданның әкімдігіне электрқуаттау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдау жөнінде құзырет беру ескерілген. Мұнымен қоса, электр энергиясын қосу, пайдалану және тұтыну кезінде электрқуаттау станцияларының қауіпсіз жұмыс істеуі бойынша талаптарды белгілеуге қатысты толықтыру енгізілді.

Сондай-ақ депутаттар «Автомобиль көлігі туралы» және «Жол жүрісі туралы» заңдарына тиісті түзетулер енгізді. Онда автобустар мен троллейбустар жүргізушілерінің жасын жиырма үш жасқа дейін төмендетуді және олар үшін кемінде үш жыл жұмыс өтілін белгілеуді ұсынды, ал «D1» кіші санатындағы жүргізушілер үшін жұмыс өтілі кемінде бір жылды құрауы тиіс.

ТЕГи: Қазақстан, Экономика
Сайт Әкімшілігі 22.05.2024
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?