Қоғам

Электромобиль иелеріне ақысыз тұрақ беру ұсынылды

Мәжіліс депутаттары электромобиль иелеріне ақысыз көлік тұрағын беруді ұсынып отыр.

Бұл туралы электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға бағытталған заң жобасын әзірлеуші топтың жетекшісі, депутат Арман Қалықов айтты.

Заң жобасында электрлі қозғалыспен жабдықталған көліктерді қаңтаруға және қоюға арналған арнайы тұрақ орындарын бөлуді, электромобиль иелерін көлік тұрағы орны үшін ақы төлеуден босатуды көздейді,

деді депутат.

Бұл құжатты бірінші оқылымда таныстырған депутат Самат Мұсабаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында аталмыш ұсынысты қолдайтынын айтты.

Барлық тұрақты электромобильдерге беріп тастамайды. Бұл жерде пайыздық қатынас қағидаты бойынша бөлінеді. 100-ге 10, 50 орын болса 5 орын деген сияқты. Жанармай құю стансаларының жанындағы электромобильдерге арналған орындарға басқа көліктер қойса, айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын айттық. Электромобиль тұрағы екенін білдіретін белгі тұрады. Соған басқа көлік қойса айыппұл болады. Мүгедектігі бар адамдарға арналған көлік тұрағына қойса, АЕК: Ал біз электромобиль тұрағына АЕК деп отырмыз. Электромобиль иелеріне ғана арналған тұрақ орындарын тегін ету азаматтарды алалау деп ойламаймын. Өйткені бұл қарапайым адамдарға арналған. Қарапайым адамға ресейлік көлік алғаннан осы жақсы емес пе. Тұрақ тегін болса, паркингті тегін қылса, салықты тегін қылса, утиль алымды тегін қылса, қарапайым адамға жасалып жатқан заң болмай ма? Меніңше, электромобильдердің бағасы халыққа қолжетімді. Нақты қанша екенін білмеймін. Мысалы қытайлық электромобильдер өте арзан,

дейді Самат Мұсабаев.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago