Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Электросамокат пен мопед мінетіндер нені білуге тиіс
Қоғам

Электросамокат пен мопед мінетіндер нені білуге тиіс

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 05.06.2023
Обновлено 05.06.2023 в 09:06
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қазақстанда электросамокат пен мопед жүргізушілеріне қатысты талап күшейтілді. Мәжіліс тиісті заңды да қабылдады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жүргізуші куәлігі болуы шарт Бұдан былай заң бойынша электрсамокаттар жүру жылдамдығы сағатына 25 шақырымға дейінгі көлік құралдарына жатады. Онымен велосипед жолағымен де, жолдың жиегімен де шектеусіз жүруге болады. Сонымен қатар электр самокаттарға жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне рұқсат етіледі.

Негізгі талаптар:

  • электрсамокат жүргіушісінің 16 жасқа толуы (жолдың жиегімен жүретіндер);
  • басқа шлем тағу (жолдың жиегімен жүретіндер);
  • жарық шағылыстыратын киімнің болуы;
  • кез келген санаттағы жүргізуші куәлігін алу (жолдың жиегімен жүретіндер);
  • фар жарығының болуы;

Самокатпен жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Тротуарларда жылдамдықты сағатына 6 шақырымнан асырмау қажет. Ал жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өту керек.

Айыппұлдың көлемі қандай

Электрсамокатпен жүретін адамның басында шлем, ал үстінде жарық шағылыстыратын элемент болмаса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Оған ескерту жасалады немесе 3 АЕК (биыл – 10 350 теңге) айыппұл салынады.

Жолаушылар мен жүктерді тасуға қатысты шектеу бұзылса, 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Тротуармен жүретін электрсамокаттың жылдамдығын анықтау қиын. Дегенмен сағатына 6 шақырым шамамен жаяу жүргіншілер легінің жылдамдығына тең.

Сондықтан тәртіп бұзушыны сырттай көзбен анықтауға болады. Бұдан бөлек, полицияда жылдамдықты анықтайтын «Кибер-шериф» жылжымалы кешендері бар. Соның көмегімен нақты жылдамдықты тіркеуге мүмкіндік бар. Кәмелетке толмаған балалар мінген электросамокат жол апатына ұшыраса, онда заң бойынша ата-анасы жауапқа тартылады.

Мопед пен электрсамокатқа қатысты шектеулер

Заң бойынша мопед пен электрсамокат мінетіндерге велосипедшілермен бірдей шектеу белгіленген. Жол жүру ережесіне сәйкес, бірнеше талапты қатаң сақтауы қажет. Оны бұзған жағдайда айыппұл салынады.

Негізгі шектеулер:

  • ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүруге;
  • жолаушы тасымалдауға (велосипед пен мопедтердерде арнайы орын болуы шарт);
  • ұзындығынан немесе енi жағынан 0,5 метрге артық шығып тұратын жүктердi немесе басқаруға кедергi келтiретiн жүктердi тасымалдауға;
  • велосипед жолағы болғанда жолмен жүруге;
  • трамвай жүретін жолдарда және осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға;
  • велосипедпен немесе мопедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтер мен велосипедтерді, сондай-ақ электрсамокаттарды сүйретуге тыйым салынады;

Сондай-ақ велосипед жолағы мен жол қиылысқан жерде бағдаршам болмаса, көлікке жол беру керек.

Алматыдағы пилоттық жоба

Биыл наурыз айында Алматы қаласының полициясы «Сергек» арқылы мопедпен жүретін курьерлерді бақылау бойынша пилоттық жобаны қолға алғна болатын. Соның аясында курьерлікпен айналысатын барлық компаниялардың жеткізу қызметкерлері туралы ақпарат арнайы базаға енгізіледі.

Әр жеткізу қызметінің өкіліне жарықпен шағылысатын номер тағайындалады. Сол номер арқылы оның қозғалысы «Сергек» камераларымен қадағаланады. Жоба жол-көлік оқиғаларын азайтуға мүмкіндік береді.

Пилоттық жоба әзірге профилактикалық мақсатта қолға алынды. Заң күшіне енгеннен кейін талап та күшетіледі.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 05.06.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?