Фото: ktf.kz
2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы сыйақы қаржысының бір бөлігін қайырымдылыққа және Қазақстандағы жастарды қолдауға жұмсайтынына уәде берген еді.
Рыбакина сол уәдесін орындады. Ол жас теннисшілерді өзі таңдап, нәтижесінде 14 ойыншы 2,5 млн теңгеден алды. Олардың қатарында Линара Бөлешева, Полина Барабанова, Амина Нұрахан, Ариана Гогулина, Сатима Төреген, Ева Карышева, Альбина Кәкенова, Аружан Арыстанбекова, Дана Байдәулет, Іңкәр Дүйсебай, Айя Нүпбай, Полина Слепцова, Сандуғаш Кенжебаева және Зара Даркен бар.
Қазақстандық және халықаралық ареналарда жеңіске жете бастаған қыздардың әрқайсы теннистегі тарихын айтып, Еленаға хат жазған. Бастапқыда Еленадан бөлінген қаржы аздау болғанымен, кейін Уимблдон жеңімпазы грант саны мен көлемін көбейтті.
Еске салсақ, қазақстандық теннисші жақында ғана Индиан Уэллсте (АҚШ) өткен турнирде жеңіске жеткеннен кейін WTA рейтингінде 7-ші орынға көтеріліп, әлемдік рейтинге өз рекордын жаңартты. Спортшыны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…