«Еліктеу мен фанатизм»: Тәжікстан басшысы қажылыққа баратындарды сынады

Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон өзінің Хатлон облысына сапары кезінде қажыларды сынға алып, умра мен қажылықты орындауды «еліктеу және фанатизм» деп атады.

Басшының айтуынша, соңғы кездері қажылыққа бару отбасылық бәсекеге, жарысқа айналған, деп хабарлайды islamnews сайты.

Соңғы кездері қажылық, оның ішінде кіші қажылық еліміздің кей аймақтарындағы тұрғындардың арасында міндетті іс-шараға, тіпті отбасылық жарысқа, туризм мен сауданың бір түріне айналған,

деді Эмомали Рахмон.

Тәжікстан басшысы мемлекетіндегі әлеуметтік көрсеткіштерге иек артып, қажылыққа баратындардың бір ауық тұрмыс-тіршілігін де еске алып қоюға шақырды. Президенттің пікірінше, қажылыққа барардан бұрын халқы жесір мен жетімге жар болып, бар қаржысын бала тәрбиесі мен біліміне шашқан дұрыс.

Көрсеткіштерге сүйенсек, қажылыққа баратын, тіпті өзімен бірге сәбилер мен жасөспірімдерді де ала кететін адамдар қажылықтың рәсімі неден құралатынын, отбасыларының, балаларының, туыстарының тұрмыс-тіршілігі қандай екендігі туралы ойланбайды.

Қажылыққа барардан бұрын жерлестеріміз осы мәселелер мен қазіргі заманның ахуалы жайлы аздап ой қозғап, маңдай термен тапқан ақшасын баланың тәрбиесі мен оқуына жұмсап, өмірдегі қажеттіліктерді қанағаттандырып, жетімдерге, мүгедектерге, мұқтаждарға, кедейлерге көмектесіп қана қажылыққа бару керек екенін тағы бір мәрте атап өтемін.

Естеріңізге сала кетейік, Тәжікстанның «Азаттығы» 2017 жылы Эмомали Рахмонның әлемнің ең ықпалды 500 мұсылманы тізіміне кіргені жайлы жазған еді. Тәжікстан тұрғындарының шамамен 99 пайызын мұсылмандар құрайды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

19 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

20 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago