Елімізде 2023 жылдан бастап қосымша зейнетақы төленеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023-2027 жылдар кезеңінде жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары кезең-кезеңімен енгізілетінін хабарлады.

Әлеуметтік кодекс жобасында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті қарастырылған. Олардың бірі – 2023-2027 жылдар кезеңінде жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен енгізу. Бұл зейнет демалысына шыққан азаматтарға жинақтаушы жүйеден қосымша зейнетақы төлемін төлеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда базалық және ынтымақты зейнетақыны, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін (қызметкердің зейнетақы жинақтары есебінен қалыптастырылады) қамтитын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасты.

Зейнетақының ынтымақты бөлігі жыл сайын азаятыны белгілі. Өйткені оны тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін, яғни жинақтаушы жүйе енгізілгенге дейін жасалған еңбек өтілі ескерілді. Бұл ретте қызметкердің 10% БЖЗҚ-ға жарналары тиісті зейнетақы мөлшерін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.

Әлемдік тәжірибеде зейнетақымен қамтамасыз етуде жұмыс берушінің ролі маңызды. Мысалы, Малайзияда жұмыскер табысының 23%-інен жұмыс берушілер зейнетақы қорына 12%, қызметкер – 11%; Австралияда 9,5%-ін тек жұмыс беруші төлейді; Беларусьте – 29%, оның ішінде жұмыс беруші – 28%; Германияда – 18,6%, оның ішінде жұмыс беруші – 9,3%-ін төлейді.

Қазақстанда жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу халықты зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлуге мүмкіндік береді. Оған қоса, жоғалған табысты барабар зейнетақы төлемдерімен алмастыруды қамтамасыз етуге ықпал етеді,

делінген министрлік таратқан хабарламада.

Кәсіпкерлік субъектілер мүддесін ескере отырып, күн тәртібінен тыс кезеңде жұмыс берушілерге түсетін жүктемені азайту мақсатында Әлеуметтік кодекс жобасында 5 жыл ішінде ЖМЗЖ кезең-кезеңмен енгізу көзделген.

Бұл шара зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болатын 1975 жылдан кейін туған қазақстандықтарды қолдауға бағытталған. Олардың зейнетақысы үш компоненттен құралады: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – БЖЗҚ-ға өз аударымдары есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы — жұмыс берушілер жарналары есебінен,

делінген хабарламада.

Шартты-жинақтаушы құрамдауыш жинақтаушы (аударымдар кезеңі және олардың жиынтық көлемі тіркеледі) және ынтымақты (түскен қаражат 1975 жылдан кейін туған және зейнеткерлік жасқа жеткен жүйеге қатысушыларға зейнетақы төлеуге бағытталады) зейнетақы жүйелерінің артықшылықтарын қамтиды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago