Қазақстанда сапасыз білім беріп, тек диплом таратумен айналысқан 5 жоғары оқу орнын жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр.
Биыл ЖОО-ларға 28 рет тексеріс жүргізілген. Оның 14-і – жоспарлы түрде, қалғаны – профилактикалық бақылау.
Соңғы 2-3 жылда диплом тарататын университеттермен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде 15 университет жабылды. 5 университті жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр.
Қуаныш Ерғалиев аталған жоғары оқу орындарында нақты қанша студент барын айта алмады.
Онда қанша студент білім алып жатқанын айта алмаймын. Алайда әр университетте шамамен 2-3 мың студент білім алады деп есептесек, онда 10 мың студент болуы мүмкін,
деді вице-министр.