Экономика

Елімізде «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы пайда бола ма – «Отбасы банк» жауап берді

Желіде Қазақстанда «9-20-25» бағдарламасы пайда болды деген ақпарат тарады. Осыған байланысты «Бәйтерек» және «Отбасы банк» холдингі түсініктеме берді. 

Instagram әлеуметтік желісіндегі dauletten парақшасында жақында «9-20-25» бағдарламасы іске қосылады деген ақпарат пайда болды.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі “Отбасы банкімен” бірге жақын арада «9-20-25» бағдарламасын іске қосады:

  • 9 пайыздық жылдық жәрдемақы;
  • 20 пайыздық бастапқы жарна;
  • 25 жылға дейін ипотека алуға болады», – делінген хабарламада.

“Бәйтерек” пен “Отбасы банк” бұған жауап берді. Бірі жоққа шығарса, екіншісі қарастырылып жатқанын айтты.

«Бәйтерек» бұл ақпаратты растамайды», – деді холдингтің баспасөз қызметі.

«9-20-25″ бағдарламасы – тұрғын үй бағдарламасының пайда болуы мүмкін жаңа нұсқасы. Бұл жоба әзірленуде. Банк сарапшылары тиісті есептеулер жүргізеді, шарттарды талдайды. Егер жоба бекітілсе, Отбасы банк қазақстандықтарды қосымша хабардар етеді және толығырақ ақпарат береді», – деп атап өтті банк.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago