Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху тұтқынға алынған израильдіктер босатылмайынша Газа секторындағы атыс тоқтамайтынын айтты.
Нетаньяху ABC арнасына берген сұхбатында соғысты жалғастыру палестиналық Хамас қозғалысына қысым көрсетудің жалғыз тиімді жолы деп айтты.
Газадағы кепілге алынғандар босатылмайынша атыс тоқтатылмайды. Мұнда бір сағат анда бір сағат болатын қысқа тактикалық үзілістерге келсек, менің ойымша, бізде гуманитарлық жүктерді жіберуге немесе жеке тұлғалардың шығуына бұрын да <…> осылай жасадық. Бірақ жалпы атысты тоқтату болады деп ойламаймын,
деді ол.
«Менің ойымша, бұл әскери күш-жігерге кедергі келтіреді. Бұл кепілге алынғандарды босату әрекетімізге кедергі болады, өйткені ХАМАС-тағы қылмыскерлермен жұмыс істейтін жалғыз нәрсе — біз қолданатын әскери қысым», — деп қосты Нетаньяху.
Бұған дейін Газа секторында Израиль армиясының жердегі операциясы жалғасып жатқаны хабарланған. Израиль билігі қазір Палестина анклавын бақылап отырған ХАМАС қозғалысын толығымен жоймақ ниетте. Сонымен бірге босқындар лагерлері, ауруханалар және басқа да азаматтық нысандар мезгіл-мезгіл Израиль әуе шабуылдарына ұшырайды. ЦАХАЛ ХАМАС-ты өз нысандарын бейбіт тұрғындардың қасында әдейі орналастырды деп айыптайды. Өз кезегінде халықаралық қауымдастық Израильдің «керексіз күш қолдануына» алаңдаулы.
Анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі Газа секторында қаза тапқандар саны 10 мыңнан асқанын хабарлады. Израиль әскерилерінің мәліметінше, Газа секторында содырлар 239 адамды кепілде ұстап отыр.
14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…
Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…
Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…
Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…