Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Елімізде алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қолында болды – Мәжіліс депутаты
Экономика

Елімізде алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қолында болды – Мәжіліс депутаты

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 20.04.2023
Обновлено 20.04.2023 в 04:04
Поделиться
Поделиться

Цифрлық таңбалаудың көлеңкелі нарықты қысқартуға еш ықпалы жоқ, ол тауардың жасалу жолы мен сапасын айқындайтын құрал болып табылмайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев төменгі палатаның жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Биыл 1 сәуірден бастап цифрлық таңбалауы жоқ аяқ киімді сатуға тыйым салу күшіне енді. Депутаттың сөзінше, бұл шешім осы саладағы кәсіпкерлердің наразылығын тудырды.

Бірыңғай оператор тауар бірлігі үшін марканың құнын 3 теңге десе, кәсіпкерлер таңбалаудың нақты құны бір тауар бірлігіне 550 теңгеден 3,5 мың теңгеге дейін шығатыны айтуда. Яғни қымбат емес аяқ киім 20-30% қымбаттайды, бұл тұрмысы төмен тұтынушылардың жағдайын нашарлатады,

деді ол.

Аталған мәселеде қаржылық шығындардан бөлек, техникалық қиындықтар да бар. Бұл ретте депутат бір жұп аяқ киімге марка алу формасын толтыру үшін орта есеппен 20-30 минут кететінін ескере келе, форманы жіберу кезінде 40% жағдайда жүйе қабылдамай, деректерді қайта толтыруға тура келетінін айтты.

Бұған қоса, таңбалау электрондық шот-фактуралар және растау сертификаттары сияқты бұрыннан бар есеп беру нысандарын қайталайды. Бірақ егер сертификатта тауарлар мен материалдардың сапасы зертханалық зерттеулер негізінде расталса, цифрлық таңбалаудың ешбір дәлелдік негізі жоқ. Өздеріңіз білетіндей, заңсыз өнімдермен күресу деген желеумен цифрлық таңбалауды енгізу және әзірлеуге бастамашы ресейлік тарап болған. Бүгінде өздерінде таңбалауды енгізу тауар құнының орта есеппен 20%-ға өсуіне әкелді,

деді депутат.

Сонымен қатар ол өзінің депутаттық сауалында өзге де тауарлардың көлеңкелі экономикадағы рөліне тоқталып өтті.

Бізде аяқ киімге және т.б. тауарларға таңбалауды енгізді, ал көлеңкелі нарықтың ең жоғары үлесі бар алкогольге қатысты маркировкадан Үкімет бас тартты. Өздеріңіз білесіздер, ескі Қазақстанда алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қолында болды. Мүмкін сондықтан да оларға тиіспей, қарапайым кәсіпкерлерді қосымша төлемдермен қанаған шығар? Ал ең негізгі мәселе, Мемлекет енгізетін міндетті төлемдер өзінің экономикалық мағынасы бойынша салықпен пара-пар және бюджетке түсуі тиіс. Бірақ таңбалау жағдайында қыруар ақша РОП (утильсбор) пен ЦТС (кірме жолдарға арналған тарифтер) сияқты олигополияға айналған жеке компания түріндегі «Қазақтелеком» АҚ құрамындағы жеке операторына түседі. Осылайша, «Қазақтелекомда» онлайн-сауда нарығын монополиялауға және басқа нарықтардағы бәсекелестікті тұншықтыруға мүмкіндік беретін мәліметтер базасы қалыптасуда,

деді Ержан Бейсенбаев.
Анара Бауыржанқызы 20.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамЭкономика

Қазақстанда тозған көлік көбейіп кетті

04.06.2024
Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
ҚоғамЭкономика

Samsung Қазақстанда кір жуатын мәшине, теледидар шығаруы мүмкін

28.05.2024
Экономика

Жұбайының рұқсатынсыз несие алуға тыйым салатын заң кері қайтарылды

23.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?