Қоғам

Елімізде басы бос қыздарға қарағанда бойдақ жігіттер көп

Елімізде отбасын құруға асықпайтын 2 миллионға жуық қазақстандық бар.

Бойдақ еркектер саны отау құрмаған әйелдерге қарағанда көп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бойдақ еркек әйелдерден 133 мыңға көп.

Ұлттық статистика бюросы үйленбеген қазақстандықтардың басым бөлігі Түркістан облысында тұратынын анықтады. Онда 250 мыңнан астам бойдақ жігіт, 230 мыңға жуық басы бос қыз бар. Алматы облысында да басы бостар көп. Ал Атырауда ел бойынша некеге тұрмағандар ең аз, 59 мың бойдақ бар. Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыс құрмаған 45 мың әйел тұрады.

Әлеуметтанушы Жанар Жандосованың айтуынша, статистика халықтың қаржылық және әлеуметтік жағдайға тікелей байланысты.

Кедейлер саны көп аймақта некелесу де аз. Себебі жеке баспана, жұмыс  болмағандықтан, отбасы болудан тартынады,

деді әлеуметтанушы Жанар Жандосова.

Еліміздің барлық аймақтарында бойдақ еркек басы бос әйелден көп болғанымен, Алматыда тұрмысқа шықпаған қыз көбірек. Онда 230 мыңға жуық күйеуге шықпаған қыз және 189 мың бойдақ жігіт тұрады.

Әлеуметтанушы мамандардың айтуынша, тұрғын үй бағдарламасы, жұмысқа орналастыратын жастар бағдарламалары қажет. Бұл қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Алайда қаржы үйленбейдің жалғыз себебі емес. Кейбір адамдар жалғыз өмір сүріп үйреніп қалған, ал басқаларында екінші жартысын іздеуге уақыт жоқ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago