Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Шындық жоқ жерде сұмдық көп. Еліміздегі мүгедектердің жағдайы
Басты жаңалықтарҚоғам

Шындық жоқ жерде сұмдық көп. Еліміздегі мүгедектердің жағдайы

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 02.09.2022
Обновлено 02.09.2022 в 04:09
Поделиться
Поделиться

Қостанайда әуре болғысы келмеген жүргізуші мүгедек арбадағы жігітті автобусқа кіргізбей қойған. Ал Алматыда авиакомпания қызметкерлері денесі сал болған мүгедек жолаушыны ұшаққа отырғызудан бас тартқан. Арнайы қозғалыс құралын бортқа кіргізу қиындық тудырған көрінеді.

Жақында ғана Конституция күнін тойладық. Сол еліміздің негізгі заңнамасында барлық адамдардың құқықтары тең екені көрсетілген. Бірақ бұл тек теорияда ғана.. Шындығында біз әлі инклюзивті қоғам құрамыз деп айтып келе жатырмыз. Ал біз жазып отырған мәселе расында өте қорқынышты. Ащы шындық. Екі оқиға да жақында орын алды.

Алматы әуежайында Нияз Сүндетәлиев айдың аманында аяқсыз қалды. FlyArystan-ның қызметкерлері оның мүгедек арбасын бортқа өткізбей қойған. Нәтижесінде өзі тұрып жүре алмайтын жігіт үйіне қиналып жетуге мәжбүр болды. Нияз — Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі. Бұл оқиға туралы ол әлеуметтік желіде айтты. Әрине бұл жағдай қоғамда резонас тудырды.

Біз 29 тамыз күні Алматыдан Қарағандыға 23:05-те ұшуымыз керек еді, алайда белгісіз себептермен уақытты  2:35-ке дейін шегерді. Мені тексеруге компания арнайы маманын шақырды, ол бортқа арбамен кіруге болмайтын айтты. Себебі, менің басым мен саусақтарым қозғалмайды. Ештеңені сезбейді. Нәтижесінде, менің коляскам, аяқтарым Алматыда қалып кетті. Ал мен Қарағандыда ешқайда шықпай, үйде жатуыма тура келді. Жоспарларым өзгерді. Ең бастысы, әуе компаниясында менің жағдайымды ойлаған бір адам жоқ,

деп жазды ол.

Алайда, 26 тамыз күні Нияз Қарағандыдан Алматыға дәл осы авиакомпанияның ұшағы арқылы жеткен. Бір қызығы ол кезде оның арбасы қиындық тудырмапты. Оған қоса Нияз у-шу шешілгенше оның жағдайына мүлде сай келмейтін арбада отыруға мәжбүр болды.

Өкінішке орай, мен арқамды ұстай алмаймын. Бірінші топтағы мүгедекпін. Кез-келген арба маған сәйкес келе бермейді. Ал менің арбам диагнозыма арналып жабдықталған. Мәселені талқылауға жарты сағат кетті. Маған өздері берген арбаның бас қоятын жері, біраз функциясы жоқ болып шықты. Оған отырамын деп денсаулығыма зиян келді,

деді Нияз Сүндетәлиев.

Тағы бір ұқсас жағдай әлеуметтік желінің арқасында белгілі болды. Қостанайлық мүмкіндігі шектеулі азамат Никита Журавлев болған жағдайды Facebook-тегі парақшасында жазды.

30 тамыз күні ол Қостанай-2 ықшамауданындағы «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорны маңынан №24 маршруттық автобусқа мінгісі келіпті. Никита көлік есігінен пандусты түсіруге өтініш жасағанда жүргізуші уақыты жоқ екенін айтқан. Қырсыққанда, дәл сол күні кешке осы келеңсіздік тағы да қайталанады. Ол қала орталығынан үйіне қайтпақ болған. Кезекті рет сол №24 автобус жүргізушісі оны мінгізуден бас тартыпты. Бұл жолы Никитаға анасы жәрдемдескен екен.

Баратын жеріме басқа автобуспен жеттім. Кешкі сағат 9 кезінде үйіме қайтпақ болып, орталықтағы «Қазақтелеком» аялдамасына келіп, бір сағаттай тұрып қалдым. Анам Елена Гриб маған алаңдап хабарласып, орталыққа келді. Аялдамада 10-15 минуттай тұрдық. Қас қылғанда күндіз мені мінгізбеген автобус келіп тоқтады. Тағы да сол жағдай қайталанды,  

дейді Никита.

Олар бесінші рет өтініш жасағаннан кейін ғана жүргізуші пандусты төмен түсіріп, автобустағы ер адамдар көмекке келген.

Ең қызығы манау болды! Автобустың жүргізушісі сол күндіз Никитаны «Наурыз» аялдамасынан отырғызбаған адам екенін түсіндік. Жеткен кезде жүргізушіден пандусты төмен түсіруді өтіндім. Ол маған «сіз жол ақысын төлемей кетейін деп тұрсыздар ма?» деп сұрақ қойды. Жағамды ұстадым.

Мен алдын-ала дайындап қойған 300 теңгемді оның қолына бердім. Кейін жүргізушіден күндіз неліктен баламды алмай кеттіңіз деп сұрағанымда ол уақытым жоқ, қозғалыстың аралық уақытын өткізіп алмауым керек деп жауап берді,

деп жазды жігіттің анасы Елена Гриб.

FlyArystan қызметкерлері мүгедектер арбасын өткізбегені үшін қазақстандық Нияз Сүндетәлиевтен кешірім сұрады. Өз кезегінде жігіт қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Ол өтемақы ретінде компания ұсынған ваучерден және басқасынан да бас тартты. Нияз үшін мүгедектігі бар адамдардың қиналмай ұшқаны маңызды. Олардың әуежайда, ұшақ бортында әрдайым көмек көрсетілетініне және кез келген жағдайда бір тәуліктен кейін емес, сол жерде шешім табылатынына сенімді болғаны маңызды екенін жазды.

Ал Қостанайлық Никита Журавлевтен ваучер түгілі, қарапайым кешірім де сұраған жоқ. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын заң қорғамайынша, мұндай жағдайлар тізбегі үзілмейді.

«Мүгедек» сөзін «мүмкіндігі шектеулі жан» деп заңды түрде өзгертеміз деді олар. Әрине, бұл жақсы бастама. Бірақ, мемлекет пен қоғам осы жандарға іс жүзінде расымен көмектесіп, проблемаларын шешуі әлдеқайда маңыздырақ. Өкінішке орай олардың проблемалары шаш етектен.

 

ТЕГи: Главное
Сая Манарбековна 02.09.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?