Фото: Atpress.kz
Осы жылдың 7 айында қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден астам сома зейнетақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
2022 жылғы шілдеде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 243,3 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге 73,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 169,4 млрд теңге бөлінді.
2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны – 2 млн 247 мың адам.
2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 156 теңге болды,
делінген министрлік таратқан хабарламада.
Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса немесе мүлдем болмаса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-іне тең болады. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады.
Мысалы, егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-іне, ал 30 жыл болса, 94%-іне тең болады. Еңбек өтілі 33 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде белгіленеді,
делінген хабарламада.
Бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айға тең болады.
Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдері мөлшері соғұрлым көп болады.
Азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемі мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…