Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Елімізде шетелдік көліктерді қалай заңдастыруға болады?
Басты жаңалықтарМаңызды

Елімізде шетелдік көліктерді қалай заңдастыруға болады?

Наргиза Аршидин
Наргиза Аршидин 12.12.2022
Обновлено 12.12.2022 в 10:12
Поделиться
Фото: Vecherka.tj
Поделиться

ІІМ ӘПК төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев автокөліктерді заңдастыру бойынша сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

— 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру туралы заң жарияланды. Бүгінде сол жұмыс қандай деңгейде?

— Парламент Салық кодексіне енгізілген алғашқы түзетулерді қабылдады. Заңдастыруға жататын автокөліктерді бастапқы тіркеу үшін төленетін алымды 200 мың теңге көлемінде деп белгіледі. Бір мезгілде екінші заңжобаның аясында Экологиялық кодекске түзетулер енгізілуде. Ол жерде заңдастырылатын автокөліктер үшін кәдеге жарату төлемін алып тастау бөлігінде түзетулер енгізіледі. Аталған түзетулер басқа заң жобасы шеңберінде Парламентте қаралуда. Одан басқа Ішкі істер министрлігі заңдастыруды жүргізудің тәртібін, шарттары мен мерзімдерін айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірлеуде. Аталған жоба ағымдағы жылдың 29 қарашасында ашық талқылау рәсімінен өту үшін ІІМ-нің ресми сайтына орналастырылды.

— Қандай көліктер заңдастыруға жатпайды?

— Іздеуде жүрген (қылмыстық көлік) немесе толық кедендік тазартудан өтпеген, сондай-ақ 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген автокөліктер.

— Қазір Қазақстанда қанша шетелдік автокөлік бар?

— Қазақстанда тұрақты жүрген шетелдік автокөліктердің нақты саны туралы деректер жоқ. Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелдік автокөліктерге 300 мыңнан астам автосақтандыру полисі ресімделгенін анықтадық. Автосақтандырулардың ең көбі Ресейден келген автокөліктерге берілген, олар шамамен 260 мың, Қырғызстан автокөліктері – 25,5 мың және Армения көліктері – 18 мың.

— Шетелдік автокөліктерді заңдастыру қашан басталады және ол қанша уақытқа созылады?

— Қажет заңнамалық өзгерістер күшіне енгеннен кейін және тиісті Үкімет қаулысы қабылданғаннан кейін заңдастыру басталады. Бұл ретте заңдастыруды жарты жылдың көлемінде өткізу жоспарланып жатыр.

— Автокөліктің Қазақстанға кіру күні қалай анықталады?

— Кіру күні ҰҚК Шекара қызметінің деректер базасы бойынша айқындалатын болады. Бүгінде бұл процесс толығымен автоматтандырылған. Егер Шекара қызметінде көлік құралын әкелу туралы мәліметтер болмаған жағдайда автокөліктің Қазақстан Республикасында нақты болу күні автосақтандыру полисінің алғашқы ресімделген күні бойынша айқындалатын болады.

— Азаматтар осы заңдастыру аясында “оң рөлді” көліктерді қазақстандық тіркеуге қоя ала ма?

— Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы заңдастырудың екі критерийін белгілеген болатын. Біріншісі – автокөлік іздестіруде болмауы керек. Екіншісі – кедендік тазалаудан өтуі керек. Егер аталған автокөліктер осы талаптарға сәйкес келсе, әрине оларды тіркеуге еш кедергі жоқ.

— Автокөліктердің шығарылған жылы мен экологиялық класы бойынша заңдастыруға шектеулер бола ма?

— Заңдастыруға жататын автокөліктердің жылына және экологиялық класына талаптар қойылмайды.

— Қазақстанда “сары” нөмірлерді бере отырып, уақытша тіркелген “армян” автокөліктеріне заңдастыру қолданыла ма?

— Біздің елде уақытша тіркелген “армян” автокөліктері де заңдастыруға жатады. Оларды кедендік декларациялау талап етілмейді, себебі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып танылады.

— Заңдастыру үшін қанша төлеу керек?

— Негізгі төлем – бастапқы тіркеу үшін алым, ол 200 мың теңге болады. Қалғаны техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін алынатын төлемдер, олар үшін тағы 13 171 теңге төлеу қажет (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік нөмір мен техникалық паспорт үшін төлем сомасы шамалы өзгереді, өйткені баждар АЕК-ке байланысты есептеледі).

— Заңдастыру процесі қалай жүретінін қысқаша сипаттай аласыз ба?

— Заңдастыруға өтінішті “Электрондық үкімет” порталы арқылы немесе арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығына жеке өтініш жасау арқылы беруге болады. Ұсынылған құжаттар мен көлік құралы іздестіру базалары бойынша тексеріледі. Одан кейін автокөлік арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсынылады. Содан кейін егер талап етілсе, автокөлікке кедендік декларациялау жүргізіледі, 200 мың теңге мөлшерінде бастапқы алым, сондай-ақ техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баж төленеді. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне қазақстандық техпаспорт және мемлекеттік нөмір беріледі.

ТЕГи: Главное, Қазақстан
Наргиза Аршидин 12.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?