Categories: Оқиға

Елімізде сотталғандар 293 бейнекамераны істен шығарған — ІІМ

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде бейнебақылау камераларының көмегімен 3 402 құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде ҚАЖ мекемелерінде 22 мыңнан аса бейнекамера орнатылған. Бұл «соқыр аймақтарды» жояды. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне үздіксіз бейнебақылауды енгізу құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлар мен қылмыстарға жол бермеуге бағытталған. Бейнебақылау камералары адамның жеке басын немесе автокөлікті анықтап қана қоймай, сонымен қатар оператордың аумаққа визуалды тексеру жүргізуі арқылы жасалған құқықбұзушылықты анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект жүйесіне ие.

ҚАЖ комитетінде жағдаяттық орталық құрылған. Онда еліміздегі барлық пенитенциарлық мекемелерден бейне көрсетіледі. Бұл колониялардағы жағдайды бақылауға және құқықбұзушылықтарға тек аймақтық деңгейде ғана емес, комитет деңгейінде ден қоюға мүмкіндік береді. Қадағалаушы прокурорлар үшін бейнежазбаларды қашықтан қарау мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Биылғы бірінші тоқсанда бейнебақылау операторлары ұстау режимін бұзудың 3 402 дерегін анықтады. Ал өткен жылы 2 779 құқықбұзушылық болған. Тыйым салынған заттарды енгізудің 4 арнасы анықталды. Арнайы контингенттің 79 қақтығысы мен 9 топтық бағынбауы тоқтатылды. 13 суицид пен 3 қашудың алды алынды. Бір жылдың ішінде ҚАЖ мекемелерінде қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар саны 4 есе азайды.

Сонымен қатар, мекемелерде үздіксіз бейнебақылауды енгізу сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсартуға және құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алуға бағытталғанына қарамастан, сотталғандар 293 камераны істен шығарды. Ұстау режимін бұзушыларға қатысты келтірілген залалды өтеумен қоса 45 тәртіптік жаза қолданылды, 49 сотқа дейінгі тергеу басталды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

1 час ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

23 часа ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

4 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago