«Титаник» қабірі: Суға батып кеткен кеменің қазіргі көрінісі

1912 жылы 14 сәуір күні өзінің алғашқы сапарын жасаған кеме, сол күні Атлант мұхитында мұзтауға соқтығысып, 2 сағат 40 минутта батып кетеді. Бортта 1316 жолаушы мен 892 экипаж мүшелері, барлығын қосқанда 2208 адам болған. 1496 адам қаза тауып, аман қалған 712 адамды көмекке келген «Карпатия» кемесі құтқарған.

Ғалымдар алғаш рет суға батқан лайнердің цифрлық 3D бейнесін жасады.

«Титаник» қалдықтары қазір Атлант мұхитының түбінде 3800 метр тереңдікте жатыр.

Кеменің бүгінгі көрінісін жасауға американдық зертеушілердің ұзақ уақыт бойы жасаған еңбектері негіз болды. Қашықтықтан басқарылатын сүңгуір кемелер су астында 200 сағаттан астам уақыт болып, апат болған кеменің суреттерін жасаған.

Нәтижесінде 715 000 фото және видеофайлдар пайда болды.

Суға батып бара жатқан кезде «Титаник» екіге қақ бөлініп кеткен. Кеменің тұмысығы мен артқы бөліктерінің түскен жердің арасы 800 метр. Жан-жаны түрлі қирандыларға толы.

Кеменің бас жағын әбден тот басып қалған. Жоғарғы бөлігі өте жақсы сақталған. Оның оң жағында үлкен тесік бар — бұл кезінде кіруге арналған алдыңғы баспалдақтың орны. Ал артқы жағының сау жері қалмаған. Дәл осы тұстан «Титаник» алып айсбергке соқтығысқан болу керек.

Кеменің жан-жағы қалдықтарға толы. Оның арасынан қымбат бағалы металл бұйымдарын, мүсіндер мен ашылмаған шампан бөтелкелерін табуға болады. Тіпті жолаушылардың жеке заттары, оның ішінде ондаған әйелдердің туфлилеріне дейін жатыр.

Осы 3D суреттер мыңдаған адамның өмірін қиған апаттың нағыз себептерін анықтауға көмектеседі деген пікір білдіріп отыр зертеушілер.

Қалай соғысқан деген сұрақтың жауабын әлі таба алмай отырмыз. Фильмдерде оның оң жағынан соғылғаны көрсетілген. Оның да рас-өтірігін білмейміз,

деді зерттеушілердің бірі.
Фото: Magellan Ltd/Atlantic Productions
Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago