Елімізде жыл басынан бері 8 мың ресейлік жұмыс істейді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда қанша Ресей азаматы жұмыс істейтінін айтты. Бұл туралы Informburo.kz хабарлады.

Тамара Дүйсенова Ресей азаматтары жұмысқа орналасу үшін келетінін, бірақ министрлік есеп жүргізгенде азаматтың 10 проценттік шегерімі бар-жоғына қарайтынын айтты.

Ол (10 проценттік шегерім — ред.) болса, онда нақты жұмыс орындары бар деген сөз. Бүгінде Қазақстан аумағында Ресей Федерациясының 22,5 мың азаматы жұмыс істеп, зейнетақы жарналарын аударып жатыр. Оның ішінде 2022 жылдың басынан бері 8 мың адам жұмысқа орналасқан,

деді Тамара Дүйсенова..

Министр жұмысқа тұрғысы келетіндер арасында ең танымал жұмыс қызмет көрсету саласы екенін айтты.

Олар негізінен қызмет көрсету саласына келеді, бұл — 72%. Өнеркәсіп — 16%, шамамен 9% — құрылыс, 2% — ауыл шаруашылығы. Кәсіптердің ішінде бухгалтер, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджерлер, сатушылар, тасымалдаумен айналысатын адамдар, жүргізушілер бар. Бұл — шамамен топ-5 мамандық»,

деді министр.

Былтыр елімізде Ресейдің 82 мың азаматы жұмыс істеген.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago