Бірлескен талдау жасау туралы шешімнің қабылдануына білім саласындағы түрлі сыбайлас жемқорлық істердің белең алуы себеп болып отыр.
Тек соңғы үш жыл ішінде 300-ден аса жемқорлық құқықбұзушылық тіркелген және қылмысқа қатысы бар 200-ге жуық адам анықталды.
Заңбұзушылықтың басым бөлігі Шымкент қаласында және Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда облыстарында жасалған.
Жуырда Қызылорда, Ақтөбе облыстарында және Талдықорған қаласында болған білім саласы қызметкерлеріне қатысты атышулы істер де бұл салада сыбайластықтың бар екенін дәлелдей түскен.
Министрліктің ақпаратынша, алдын ала жасалған талдау барысында бұрын республикалық бюджеттен білім саласына бөлінген қаржы жергілікті бюджеттің өзге салаларына аударылғаны анықталды.