Еліміздің бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар азаматты «Барыс», «Парасат», «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» орден-медалімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1022 Жарлығымен аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

I дәрежелі «Барыс» орденімен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС директоры Анарбек Оңғарұлы Орман;

IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен еңбек ардагері Жарылқасын Әзіретбергенұлы;

«Парасат» орденімен еңбек ардагері Қойшыбай Көлбайұлы Әріпбай;

«Парасат» орденімен Мәдениет және спорт министрлігі «Қазқайтажаңарту» РМК Түркістан филиалының сәулетшісі Нұрғали Имажанов;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы» ЖШС директоры – бас редакторы Марина Анатольевна Лимаренко;

«Шапағат» медалімен «Қызыл-Әскер» жалпы орта мектебі» КММ мұғалімі Пернебай Сапарбайұлы Арынов наградталды.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1023 Жарлығымен аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен
 Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газетінің бас редакторы Бақтияр Байдуллаұлы Тайжанов;

«Құрмет» орденімен Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ә.Марғұлан атындағы археология институты» РМК бас директоры Бауыржан Әбішұлы Байтанаев;

«Құрмет» орденімен Шымкент қаласы «№2 қалалық аурухана» МКК дәрігері Есенгелді Ибрагимұлы Бегешев;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ спортшысы Ксения Александровна Хан;

«Шапағат» медалімен Шымкент қаласы «№ 89 IT мектеп-лицей» КММ тәрбиешісі Әсем Мұхтарқызы Үсенова наградталды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

16 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

17 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

17 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago