Тоқаев: Президенттің бір мерзімге сайлануы — демократия жолындағы батыл қадам

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің бір мерзімге сайлануы туралы да пікір білдірді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының айтуынша, бір мерзімді президент сайлауы — демократия жолындағы батыл қадам.

Тағы бір аса маңызды реформа – Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы. Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа демократия жолындағы батыл қадам деп сенемін. Бұл реформа не үшін жасалмақшы деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Мәселе мынада: Президенттік лауазымға көп жыл бойы бір ғана адам ие болмауы керек,

деді Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында жұртшылықпен кездескенде.

Мемлекет басшысы әлемде болса да, елімізде болса да көп жыл бойы бір ғана адам ең жоғары лауазымға ие болса, мұндай жағдай елге де, мемлекет басшысына да абырой әкелмейтінін айтты.

Кезектен тыс Президент сайлауы биылғы 20 қарашаға белгіленді. Біз бұл науқанды заңға сәйкес, әділ және ашық өткіземіз. Түркістандықтар да сайлауға белсене қатысып, өз таңдауын жасайды деп сенемін,

деді президент.

Айта кетейік, қазір мемлекет басшысы Түркістан облысында ресми сапармен жүр.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңір халқымен кездесуде Түркістан облысы жастарына кәсіп бастау үшін 2,5 пайыздық несие берілетінін айтты.

Оған қоса, Сарыағаш ауданында перзентханасы бар медициналық кешен салуды тапсырды.

Презижент елдегі саяси рефморалар туралы да айтты.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

17 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 дней ago