Елорда көшесіне қаза тапқан өрт сөндірушінің есімі беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулиннің туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Ол қызметтік борышын өтеу кезінде ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен еді. Бүгін, 20 қараша күні Асқар Забикулин ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Асқар Серікұлы төтенше жағдайларға қарсы күрес саласындағы еңбегімен елімізге адал қызмет етудің үлгісін көрсетті. Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт кезінде ол оқиға орнына жедел келіп, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды. Ол өзінің іс-әрекетімен Отан алдындағы азаматтық борышына адалдығын және теңдесі жоқ батылдығын көрсетті. Оның есімі мен жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі қалады,

делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ержүрек өрт сөндірушінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Астана қаласындағы көшелердің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылады.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша, жексенбі күні денесінің 80% күйік шалған өрт сөндіруші Асқар Забикулин ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін бірнеше күн күресті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago