Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған еді. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін бірнеше күн күресті.
Өз өмірін қатерге тігіп, адамдарды ажалдан арашалап алған, батыр азамат Мемлекет басшысының жарлығымен бірінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Артынша, Астана әкімдігі кәсіпкерлер арқылы 3 бөлмелі пәтердің кілтін сыйлаған еді.
Асқар Серікұлы — азаматтық қорғаныс капитаны. 1994 жылы 5 қаңтарда Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Казгородок ауылында туған. Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекші лауазымына 2021 жылы тағайындалған.
Айта кетейік, 16 қараша күні Астанадағы Момышұлы даңғылында 15 қабатты үйде өрт шығып, өрт сөндірушілер өз өмірін қатерге тігіп, бес адамды аман алып шығарған болатын.
28 жасында өмірі қиылған Асқар Забикулин «Өрт сөндіру борышым. Оны орындауда ешқашан қателікке жол берме», деген ұранды ұстанған екен. Оның артында әйелі мен екі баласы қалды.
Асқар Забикулиннің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.