Фото: ашық дереккөзден
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов QazMed медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің кәсіподағында кеңесші қызметін атқаратын болды.
Экс-министр кәсіподақ мүшелерімен бірге медицина мәселелерімен айналыспақ. Оның айтуынша, салада кадр және еңбекақы мәселесі әлі де өзекті.
Еске салсақ, өткен жылдың қазанында экс-министр Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішев қылмыстық кодекстің 361-бабы (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп танылып, Біртанов 5 жылға, Олжас Әбішев 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілген. Оларға мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойы тыйым салынады. Сондай-ақ ескертусіз мекен-жайын өзгертуге болмайды.
Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын. Осы платформа бойынша орындалмаған жұмыстың құны 4,5 млн доллар немесе 1,5 млрд теңге деп танылды.
2022 жылдың 9 қарашада Елжан Біртановтың адвокаттары сотқа апелляциялық шағым түсірді.
Өткен жылдың соңында қазақстандық дәрігерлер Елжан Біртановты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы петиция жариялаған.
Өткен айда апелляциялық cот алқасы Елжан Біртанов пен Олжас Әбішев ісіне қатысты шешім шығарып, шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырған еді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…