Енді арыздар мен өтінімдерге eGov мобильді жүйесінде қол қоюға болады

EGov mobile мобильдік қосымшасын пайдаланушылар Сот кабинетінде құжаттарға қол қою мүмкіндігіне ие болды.

Жаңа опция талаптарға, арыздарға, сенімхаттарға, хаттарға https://office.sud.kz сайтында қол қоюға, сондай-ақ сайттағы eGov QR-кодын мобильдік қосымшасы көмегімен сканерлеу арқылы авторизациядан өтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды «ҰАТ» АҚ баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызметтерді алу үдерісі әлдеқайда жеңіл және жылдам өтуі үшін мобильдік қосымшаның функционалы мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмыс жасалып жатыр. Бүгін біздің пайланушылар үшін тағы бір мүмкіндік туды – Сот кабинетінде құжаттарға eGov QR көмегімен үйден шықпай-ақ уақыт үнемдеп, қол қоюға болады. Бұндай мемлекеттік қызметтерді алу тарихында әлі болған емес. Бұны eGov mobile мобильдік қосымшасының қарқынды дамуы деп санаймыз,  

деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін eGov mobile пайдаланушылары:

  • қосымшада авторизациядан өту керек (егер бұрын авторизациядан өткен болса, қосымшаға Face ID, Touch ID немесе қысқа кодтың көмегімен кіру қажет);
  • сот кабинетінде қол қою түрін таңдау қажет – «QR көмегімен қол қою»;
  • eGov mobile басты бетінің оң жақ жоғарғы бұрышында «ақ шаршыға» басыңыз;
  • eGov QR сканерлеп, қол қойыңыз;

Өтінім сәтті өңдеген кезде ұялы телефон экранында «Өтінім беру сәтті аяқталды»  көрсетіледі.

Нұсқаулыққа сілтеме: https://youtube.com/shorts/qE1ykwZsnnw?feature=share

Egov mobile мобильдік қосымшасының жаңа нұсқасы iOS жүйесінің пайдаланушылары үшін App Store платформасында, сондай-ақ Android жүйесінің пайдланушыларына Play Market және App Gallery қолжетімді.

Қазіргі уақытта eGov Mobile мобильдік қосымшасында 400-ге жуық мемлекеттік қызмет бар, оның ішінде 150-і eGov.kz порталында көрсетілетін қызмет, ал 250 қызмет түрі e-license порталында  жеке тұлғаларға көрсетіледі. Ай сайын қосымшаны шамамен 2,4 млн.қазақстандық белсенді пайдаланады және айына 50 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago