Ұлытау облысының даму перспективасы қандай?

Мемлекет басшысы Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлын қабылдады. Әкім Ұлытау облысының даму перспективасын баяндады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Облыс әкімі Президенттің Ұлытау облысына жасаған сапары қорытындысы негізінде әзірленген аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары жобасын ұсынды.

Ұлытау өңірінің экономикасын әртараптандыруға бағытталған маңызды құжатта 240-тан астам іс-шара бар. Олар әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды дамытуды және өңірдегі ең өзекті мәселелер шешуді көздейді,

делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырылған кешенді жоспарда инвесторлар тарту, қатты күйінде келетін пайдалы қазбалар өндірісін кеңейту мен жаңа кен орындарын игеру, геологиялық кластер құру мен оны дамыту мәселелері қарастырылған. Оған қоса, жаңадан ет өңдейтін кешен, құс фабрикасы мен жылыжайлар салу жоспарланған.

Келесі жылы жалға және несиеге берілетін 132,8 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы, көпсалалы аурухананы жаңғырту, онкологиялық диспансер мен Жезқазған қаласында заманауи «Ана мен бала» орталығын ашу жұмыстары жүргізіліп, Ұлытау ауданында аурухана салынады. Сонымен қатар, әрбір аудан орталығы мен ауылдарда 26 медицина мекемесі ашылады,

деді министр.

Берік Әбдіғалиұлы мәдени-ағарту нысандарын жөндеу және қайта құру туралы да айтты. «Жайлы мектеп» ұлттық пилот жобасы аясында 11 орта мектеп пен 8 балабақша салу көзделген.  

Мемлекет басшысына баяндалған өзекті мәселелердің бірі – облыстқа ауыз су жеткізу және сапалы жол салу. Қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау жұмыстары мен су бұру жүйелері қайта жаңғыртылады. Облыстық маңызы бар 289,5 шақырым жолды, аудандық маңызы бар 112,5 шақырым жолды жөндеу мен қалпына келтіру жоспарланған.

Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, бұл іс-шараларды жүзеге асыру кезінде 10 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын мақұлдап, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп орындауды тапсырды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago