Енді Асқар Мамин мен Ерболат Досаев ҚР инвесторларына көмектесе алмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев оларды Шетелдік инвесторлар кеңесінен шығарды.

Шетелдік инвесторлар кеңесі құрамы өзгерді. Президент бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин мен бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты ҚР жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі құрамынан шығару туралы бұйрыққа қол қойды. Кеңестен Алматы әкімі Ерболат Досаев та шықты.

Осы кеңес құрамынан мына тұлғалар шығарылсын: А.Ұ.Мамин, Е.А.Досаев, Б.Б.Атамқұлов, Р.Е.Даленов, P.M.Исатаев, А.А.Арифханов, А.И.Мырзахметов, Р.Дж. Поллетт, А.Глазенберг, В.Н.Кнауф, А.Брейяк, К.Ульмер-Айлфорт, В.Ю.Алекперов, Й.Катаяма,

делінген президент бұйрығында.

Сонымен қатар, кеңес құрамына жаңа тұлғалар енді:

  • Пірматов Ғалымжан Олжаұлы – ҚР Ұлттық банк төрағасы;
  • Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы – ҚР премьер-министрі орынбасары – сауда және интеграция министрі;
  • Әлібек Сәкенұлы Қуантиров – ҚР ұлттық экономика министрі;
  • Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы – ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
  • Шарлапаев Қанат Бисімбайұлы – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы (келісім бойынша);
  • Зебешев Ардақ Темірханұлы – ҚР сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасы;
  • Баталов Райымбек Әнуарұлы – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы төрағасы (келісім бойынша);
  • Бела Ференцци – General Electric компаниясының Ресейдегі/Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы президенті (келісім бойынша);
  • Гари Нейгл – Glencore бас директоры (келісім бойынша);
  • Уве Нотцер – Knauf International GmbH бас директоры, Knauf Group басқарушы серіктесі (келісім бойынша);
  • Николас Терраза – Total Energy Exploration and Production президенті, Total Energy Concern атқару комитеті мүшесі (келісім бойынша);
  • Кирсти Хелен Уилсон – Baker McKenzie жаһандық атқарушы комитеті мүшесі, Baker McKenzie International директорлар кеңесі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
  • Воробьев Вадим Николаевич — «Лукойл» АҚ қоғамдық президенті (келісім бойынша);
  • Тецуя Шинохару – аға вице-президент, Mitsubishi корпорациясының жаһандық стратегия және үйлестіру департаментінің бас директоры (келісім бойынша);

Еске салайық, Асқар Мамин 2019 жылғы ақпаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін премьер-министр болды. Бейбіт Атамқұлов 2019 жылғы қыркүйек пен 2022 жылғы қаңтар аралығында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін басқарды. Екеуі де елдегі жаппай тәртіпсіздік аясында үкімет құрамында отставкаға кетті. Ал Ерболат Досаев керісінше 2022 жылғы қаңтардан бастап Алматы әкімі қызметіне кірсті.

Шетелдік инвесторлар кеңесі — ҚР президенті төрағалық ететін консультативтік-кеңесші орган. Ол 1998 жылы Қазақстан үкіметі мен шетел инвесторларының инвестициялық қызметіне байланысты мәселелерді тиімді шешу және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту үшін тікелей диалог жасау мақсатында құрылған.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago