Әділет министрлігі Конституцияға түзетулер қабылданса да, елорда тұрғындары 6 шілдеде қала күнін тойлайтынын айтты.
16 қыркүйекте Парламент депутаттары елорданың бұрынғы атауы – Астана атауын қайтаратын Конституцияға өзгертулер енгізуді екі оқылымда мақұлдады. Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.
Осыған байланысты Zakon.kz интертнет порталы Әділет министрлігіне Қала күнін тойлау датасын өзгерту мүмкіндігіне қатысты сауал жолдады.
Астана күнін кейінге қалдыру туралы сөз болған жоқ. «Мерекелер туралы» заңға сәйкес Астана күні 6 шілдеде тойланады,
деп жауап берді Әділет министрлігі.
16 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституцияға Қазақстандағы президенттік өкілеттік мерзімін қайта қарау бойынша түзетулер мақұлданды.