Фото: ашық дереккөзден
Енді азаматтарға кредит төлеу мерзімі өтіп кетсе, жаңа тұтынушылық кредит беруге тыйым салынуы мүмкін.
Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Савельева заң жобасын Мәжілістің жалпы отырысында таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмасын орындау үшін Парламент депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді.
Заң жобасында не көзделген:
Бұдан басқа, заң жобасында өзгерістер енгізуді көздейтін нормалар бар. Қылмыстық кодекс және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс: «Жеке деректерді сатқаны, абоненттің нөмірін ауыстырғаны және абоненттік нөмірді басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті белгілеуге қатысты». Депутаттар бастамашылық еткен заң жобасы бойынша Үкіметтің қорытындысы 2023 жылғы 12 қарашада алынды, — деді депутат.
Татьяна Савельеваның сөзінше, бастамалардың көпшілігі қолдау тапты. Бірақ кейбір тұжырымдамалық ұстанымдар бойынша, атап айтқанда коллекторлық компанияларға қарыздарды сатуға тыйым салу бойынша Үкімет депутаттар келіспейтін және жұмыс топтарында осы норманы енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыратын балама ұстаным ұсынды.
Бұдан басқа, осы Заң жобасы бойынша жұмыс тобы шеңберінде қаралатын халықтың несиесін төмендету бойынша өткен парламенттік тыңдауларда айтылған тағы да бірқатар маңызды мәселе бар. Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасын қарауға және ол бойынша қорытынды дайындауға дайын, — деді ол.
Мәжіліс заң жобасын дауысқа салып, құжаты жұмысқа алды. Сонымен қатар палата сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасын да жұмысқа алды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…