Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасы жоғары екені бойынша азаматтардың өтінішін қабылдау үшін call-орталықтары құрылды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Үй маңындағы дүкендерде, базарларда, супермаркеттерде және басқа да ұйымдастырылған сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері қымбат болса, Сауда комитетінің call-орталығына қоңырау шалуға болады.
Call-орталықтың хабарламалар қабылдау уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін,
делінген хабарламада.
Келіп түскен барлық өтініш бойынша жедел тексеру жүргізіледі. ӘМАТ-қа белгіленген сауда үстемесінің мөлшерінен 15% асып кету фактілері анықталса, материалдар одан әрі әкімшілік шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға беріледі.



