Билігі ақымақ мемлекеттің ең негізгі белгісі – ол елде түк пайдасыз, популистік заңдар қабылданады.
Жерге түкірсең айыппұл. Көшеде боқтасаң – қамауға алынасың.
Осыдан алты жыл бұрын азаматтардың міндетті тіркелуі туралы заң шыққан. Оны Назарбаев EXPO деген атышулы көрмесін өткізер алдында тіркеуі жоқ қазақтар шетелдік қонақтардың көзіне көрінбесін деген ниетпен ойлап тапқан,
дейді блогер Руслан Түсіпбеков.
Әрине, популистік заң болған соң, ондай заңдардың өмірде сақталуы мен орындалуы – нөл!
Міндетті тіркеуге қазір кім тұрып жүр? Кім заң шыққалы жерге түкірмейтін болды? Ендеше бейпіл сөзге тыйым салатын бұл заң да жайына қалады.
Өйткені адамның жүрісі мен тұрысына, тіпті түкіруіне де тыйым салуға болмайды.
«Мынау түкіріп кетуі мүмкін» дейтін әрбір адамның қасына қоятын бір-бір «ментті» қайдан табасыңдар?
Біреу «о шешең!» десе ше? Бұл өзі боқтық сөзге жата ма, жатпай ма? Енді біреу боқтық сөздің соңғы әріпін жұтып, толық айтпай қойса ше? Мемлекет сараптама жасатумен-ақ шығынға батып кетпей ме?
Бұл – авторитарлық мемлекеттің белгісі. Халықтың жалпы мәдениетін дамытудың орнына бұлардыкі тек репрессия. Жазалауды ғана біледі. Бұл заң да ертең жайына қалады б…я,
деп жазған екен ол.