Енді мектеп оқушылары 31 мамырға дейін оқиды

Оқу-ағарту министрлігі аппарат кеңесінде жаңа оқу жылында 1-класс оқушылары енді 35 апта (бұрын 33 апта еді), қалған 2-11-класс оқушылары 36 апта (бұрын 34 апта еді) оқитыны хабарланды. Бұл туралы Informburo.kz сайты жазды.

Оқу жылындағы демалыс күндері мынадай болады:

  • күзгі демалыстар — 7 күн (2022 жылғы 31 қазаннан 6 қарашаға дейін (қоса алғанда));
  • қысқы демалыстар — 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін (қоса алғанда));
  • көктемгі демалыстар — 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурыз арасы).

Бұған дейін оқу жылындағы демалыс уақыты 30 күннен кем емес еді, енді 25 күн болады.

Бірінші кластарға қосымша демалыс күндері беріледі — 7 күн (2023 жылғы 6 ақпаннан 12 ақпанға дейін (қоса алғанда)). Оқу жылы 31 мамырда бітеді (бұрын 25 мамыр еді). Жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін созылады.

Министрдің бұл бұйрығы Әділет министрлігінде тіркеу сатысында тұр. Оқу жылы мен каникул ұзақтығына қойылатын бұрынғы талаптарды көздейтін мемлекеттік стандарт күшін жоғалтты.

Шілде-тамыз айларында министрдің бұйрығы жобасы «Ашық НҚА» порталында талқылау үшін жарияланды. Құжат қоғамда үлкен резонанс тудырды, пікір жазған ата-ананың көпшілігі оқу жылының ұзартылуына қарсы болды.

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығын ұлғайту күнделікті сабақ санын қысқартуға, күрделі тақырыптарды оқуға көбірек уақыт бөлуге, дамыта оқыту қағидаттары бойынша оқу процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін хабарлады. Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде апталық оқу жүктемесін азайту жоспарланып отыр.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago