Фото: ашық дереккөзден
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша бүгінде нашақорлардың нақты және сенімді есебі жоқ. Олардың нақты саны ресми деректерден кемінде 5 есе көп.
Қазіргі уақытта, өкінішке қарай, есірткі қолдану фактілері тіпті оқушылар қатарынан анықталып жатыр. Сондықтан болашақта скрининг өткізу жүйесін енгізу жоспарда бар. Бұл қоғамның нашақорлық деңгейін объективті түрде бағалауға және есірткіге тәуелді адамды, әсіресе жасөспірімдер арасында ерте бастан анықтауға мүмкіндік береді.
Скринингті оқуға түсерде, жұмысқа тұрар кезде, Қарулы Күштер қатарына және мемлекеттік қызметке алынар алдында тапсыратын медициналық тексеру аясында жүргізу ұсынылып отыр.
Сараптама есірткі тұтынушыларды бірінші сатыда анықтаса, ондай адамдардың 95 пайызын қалыпты өмірге оралтуға болатынын көрсетіп отыр. Үшінші сатыда анықталғандардың 15 пайызы ғана оңалады. Есірткінің түрі көп. Тіпті мектепте де тарап жатыр, оны жасырып қажеті жоқ.
Қоғам мен балалардың қауіпсіздігі үшін биоматериал скринингін өткізуді Денсаулық министрлігі ұсынып отыр. Биоматериалдардан есірткі анықталса, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Ондай мәлімет олардың ата-анасына жіберіледі.
Елімізде синтетикалық есірткіге сараптама жасау әдістемесі ескірген. Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов осындай проблема көтерді.
Қазақстанда алғашқы синтетикалық есірткілер шамамен 10 жыл бұрын пайда болды. Ал зерттеу құралдары мен әдістемесі ескі күйде. Қазіргі таңда «синтетиканың» күн сайын жаңа түрлері шығып жатыр. Кейінгі 4 жылда тәркіленген «синтетика» көлемі 100 есе өсті. Мұндай есірткінің сот сараптамасы күрделі санатқа жатады. Оны өткізуге 1 ай немесе одан да көп уақыт кетеді.
Күдіктілерге қарсы «жазаның бұлтартпастық» принципі сақталмай келеді. Мысалы, сарапшының қорытындысы шықпай, «қамаққа алу» шарасын қолдану мүмкін емес. Осының кесірінен, бүгін 108 қылмыскерге іздеу жарияланды. Сондықтан сот сараптамасы органдарын заманауи және сапалы құралдармен жабдықтау көделіп отыр,
деді министр.
Интернет есірткі саудасын қыздырды. Биыл елімізде 604 есірткі сайты жабылған.
Есірткі бизнесі де толығымен кибер салаға көшті. Телеграм-боттар немесе басқа да интернет ресурстар арқылы сату кеңінен тарап жатыр. Мысалы, биыл тіркелген әрбір жетінші есірткі қылмысы интернет арқылы сатумен байланысты.
Алайда бұл шара мәселені түбегейлі шешпейтін көрінеді. Мұндай заңсыз контентті тоқтату үшін министрлік «Аргус», «Айрис», «Тритон» сияқты заманауи аппараттық-бағдарламалық жабдықтар сатып алмақшы.
Олар – әлеуметтік желілер немесе сайттар арқылы есірткінің таралуын анықтауды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Киберқадағалау» жүйесі мұндай сайттар ашылса, оларды онлайн түрде бұғаттайды. Яғни, жасанды интеллект өзі анықтап, дереу тосқауыл қояды. Сонымен қатар сайтты ұйымдастыратын және оны пайдаланатын адамдарды анықтауға мүмкіндік болады,
деді Ішкі істер министрі.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…