Categories: Қоғам

Ресейлік коуч баласын күннен нәр алу диетасына отырғызамын деп өлтіріп алды

Сочиде петерборлық коуч ұсталды, ол соңғы кездері шикі тағамдар тұтыну және күн сәулесінен нәр алуды насихаттап жүрген. Ол мұндай диетаға баласын да отырғызуға шешім қабылдады. Бала күн диетасына бір ай да шыдамай қайтыс болған.

«Фонтанка» басылымының жазуынша, белгілі болғандай, 8 наурызда түсте Сочи балалар ауруханасында бір ай бұрын туған баланың қайтыс болғаны анықталды. Баланың мәйіті сараптамаға жіберілді. Сонымен бірге, нәресте дәрігерлердің көмегінсіз дүниеге келгені және тіркелмегені белгілі болды. Соңғы аптада нәресте әрең дем алып, тамақтан бас тартқан. Алайда ата-анасы дәрігерлерді шақырмаған. Тек 8 наурыз күні таңертең ерлі-зайыптылар ауруханаға баруды шешкен. Ұлдарын Ана мен баланы қорғау орталығына алып келгенімен, реаниматолог баланы құтқару мүмкін емес екенін айтқан.

Сәбидің 34 жастағы анасы қазір абайсызда қазаға ұшырату қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде ешқайда кетпеу туралы тілхатпен жүр. 43 жастағы әкесі полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Максим Лютый блогосферада өзінің өмір салтымен танымал. Ол өзін шикі тағамдар тұтынушы және күн сәулесінен нәр алушы деп атайды, ақшаға адамдарға «тазаруға және сауығуға» көмектеседі. Әлеуметтік желілердегі бейнеге қарағанда оның қызметіне боксшы Александр Поветкин жүгінген. Қайтыс болған баланың әкесі Санкт-Петербургтен, бірақ соңғы жылдары, профильге сәйкес, Ресейдің оңтүстігінде өмір сүрді. 1990 жылдары ер адам есірткі үшін сотталған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

1 час ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago