Денсаулық

Энергетикалық сусындардан сүйек, сіңір зардап шегеді

Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Еркебұлан Балғабеков энергетикалық сусындардың химиялық құрамына тәжірибе жасады, деп хабарлайды Kazinform.

Оқушы энергетикалық сусындар орталық жүйке жүйесінің қозуына әсер ететінін ғылыми жобасында зерттеп, қорғаған.

Еркебұлан Балғабек жастар арасында өте танымал Redbull, Gorilla, Adrenaline секілді энергетика сусындарына сынақ жүргізді.

Ол сусынға сапалық анализ жасау арқылы pH табу кезінде аталған сусындардың қышқылы жоғары екенін анықтады. Ал қышқыл сусын тұтыну салдарынан сүйек, сіңір зардап шегеді, сонымен қатар ағзаның қартаю процесі жеделдейді.

Түрлі дереккөздерді талдау барысында энергетикалық сусын құрамындағы компоненттердің жас ағзаға пайдасынан гөр зияны әлдеқайда көп екенін анықтадық. Бүкіл жиналған ақпаратты саралап, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді қуаттығыш сусындарды мүлдем тұтынбауға, ал, 18 жасқа толған адамдарды энергетикалық сусынды тәулігіне 0,3 литрден асырмай ішуге шақырамын,

дейді Еркебұлан Балғабек.

Химия пәнінің мұғалімі Венера Суровцеваның айтуынша, қазір энергетикалық сусын шығаратын компаниялар оның толықтай қауіпсіз екенін айтады. Алайда, әр компоненттің ағзаға белгілі бір зияны болатынын ескерген жөн.

Оны қарапайым жолмен — энергетикалық сусынды ішкенге дейін және кейінгі өзіңіздің қан қысымыңызды өлшеу арқылы байқай аласыз. Көп мемлекеттерде энергетикалық сусынды арнайы дәрігердің нұсқауымен дәріханадан ғана алуға болады, ал бізде кез келген дүкеннің сөрелерінде тұрады. Бұл сусынды ешқандай бақылаусыз ішу, әсіресе жастардың шектен тыс пайдалануы жүрек ауруының жасаруына әкеп соғады,

дейді Венера Суровцева.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

21 час ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

4 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 недели ago