ЕО бөлінді: Ресейдің мұнайы қиындық тудырды. 27 Қыркүйек

Шетелдік БАҚ не деп жазады?

«Аю» биржа машығында

The Wall Street Journal жазуынша, Dow Jones индексі «аю» рөліне кірді.

АҚШ акциялары дүйсенбіде құлдырауын тоқтатпады, көгілдір чиптер индексі 1,1% төмендеді. Бұл құбылыс бес күн қатарынан жалғасуда. Нәтижесінде, соңғы жоғарғы көрсеткіштен индекс 20%-дан астам төмендеді. Яғни, Уолл-Стрит тілінде бұл «аю нарығы» дегенді білдіреді. Құлдырау процесі өсуден әлдеқайда жылдам. Сарапшылардың айтуынша, индекстің мұндай құбылысы инвесторларды алаңдатып отыр. Әлемдік өсу қарқыны мен ФРЖ-нің инфляцияны бәсеңдетуге бағытталған әрекеттері тиімсіз болып отыр.

Сонымен қатар, нарыққа жаңадан келгендер биыл биржалық құлдыраудың ең нашар қатысушыларының қатарына кірді. Бұл IPO нарығының күрт тоқтап қалуына әкелді. Өзгерістер әлі байқалмайды.

Dealogic мәліметтері бойынша, өткен жылы АҚШ-та биржаға шыққан компаниялардың шамамен 87% — ы нарықтық бағадан төмен сатылымға қойылды. Жақында IPO-ға шығуды жоспарлап отырған компаниялардың шамамен 86% — ы өздерінің жоспарларын белгісіз мерзімге шегерген болатын.

Келіспеушіліктер мен мұнай

Bloomberg болжамына сүйенсек, ресей мұнайының бағасын шектеу мәселесі кейінге қалдырылуы мүмкін.

Еуропалық Одақ елдері ресейлік мұнай бағасының шегін енгізу туралы келісімге қол жеткізуге тырысуда. Алайда, санкциялардың кең пакеті бекітілгенге дейін бұл мәселе бойынша мәмілені кейінге қалдыруы мүмкін.

Келіссөздер барысымен таныс адамдардың айтуынша, Кипр мен Венгрия мұнай деңгейі туралы ұсыныспен келіспейтіндерін білдірген. ЕО-ның кез-келген санкциялары Одақтың барлық мүшелерінің бірауыздылығын талап етеді, бұл әр елге вето құқығын береді.

Сонымен қатар,  Еуропа ресейлік электрониканың экспортына шектеулерді талқылап жатыр. Бұл мәселе бойынша ешкім қарсылық білдірген жоқ.

Белгісіздік қарқын ала бастады

The Guardian жазуынша, Ұлыбританияның Орталық Банкі ставканы шұғыл көтеруден бас тартып, қараша айында толық бағалауды жүргізеді. Министрлер қаржы нарығының өзінің экономикалық стратегиясына деген сенімін толық жоғалтпауға тырысуда. Англия банкі пайыздық мөлшерлемелерді көтермегені фунттың жаңа сатылымын тудырды. Қаржы министрлігінің әрекеттері сәтсіз аяқталды.

Банк қараша айына дейін күтетіндерін мәлімдеді. Сол сәтте фунт долларға қатысты тағы екі центке түсіп, рекордтық деңгейден үш цент шегінде болды.

Кейбір ипотекалық несие берушілер, соның ішінде Ұлыбританиядағы ең ірі ипотекалық несие беруші Halifax өз өнімдерін уақытша қайтарып алды. Өйткені қаржы нарығының аяққа тұруы үшін Банк пайыздық мөлшерлемені 2,25% — дан 6% — ға дейін көтеру керек деп ойлайды.

Жапондық Nomura банкі фунт долларға қатысты тепе-теңдіктен төмен көреткіште болады деп болжайды, ал UBS Global Wealth Management бас экономисі Пол Донованның айутынша, инвесторлар үшін консервативті партия «ақырзаман культі» -не айналды.

Халықаралық саясаткерлерді жақында болған тәртіпсіздіктер алаңдатып отыр. Атланта Федералды резервтік жүйесінің президенті Рафаэль Бостик фунт сатылымы Ұлыбритания экономикасының қарқын алған белгісіздігінің көрсеткіші деген пікірде.

Сноуден Ресей азаматтығын алды

Fox news мәлімдеуінше, Эдвард Сноуден  екі жыл бұрын берген өтінішінен кейін ақыры Ресей азаматтығына қол жеткізді.

Эдвард Сноуденнің айтуынша, Ресей азаматтығы оған және оның отбасына тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ол 10 жыл бұрын ұлттық қауіпсіздік агенттігінің қызметкері ретінде АҚШ-тың бақылау операциялары туралы құпия ақпараттарын таратып, Мәскеуге қашып кеткен.

Мемлекеттік департаменттің өкілі Нед Прайс АҚШ-қа қастандық жасады деп айып тағылған Сноуден міндетті түрде сотталуы керек деген пікір білдірді.

Прайс сонымен бірге Сноуден Украинаға жіберілуі мүмкін деген болжам жасады. Алайда оның адвокаты ресейлік БАҚ-қа берген сұқбатында ондай шешім болмайтынын мәлімдеді.

Жердің қауіпсіздігі

New York Times NAСA-ның жерді ғарыш апатынан қорғауға бағытталған сәтті эксперименті туралы хабарлайды. Арнайы спутник астероидқа бағыт алып, оған соғылған соң оның траекториясын өзгертті. Осылайша, NAСA планетаға қауіп төндіретін ғарыштық денеден қалай қорғану керектігін көрсетті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago