Фото: ашық дереккөзден
Қарағанды облысында бірнеше әйел бір адамнан ЖИТС жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды NewTimes.kz.
АИТВ жұқтырған әйелдің аяғы ауыр. Дәрігерлер оны емханаға тіркелу кезінде анықтады. Ол иммуноблот әдісімен АИТВ-ға анализ тапсырды. Бұл вирустарды анықтауға арналған заманауи жоғары сезімтал зертханалық диагностика. Талдау қорытындысы ВИЧ инфекциясын растады.
Емханаға ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары, сондай-ақ полиция қызметкерлері келді. Әйелдің күйеуінен басқа ешкіммен қарым-қатынасы болмаған.
Полиция жұбайын ұстады.
Ол бұрын үйленген екен. Полиция оның бірінші әйелін іздестіріп, тест тапсыруға міндеттеді. Ол да ЖИТС жұқтырған болып шықты.
Қазір ер адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Іс Қылмыстық Кодекстің 118-бабы бойынша сотқа берілді. «АИТВ жұқтыру, өзінің қауіпті екенін біле тұра, оны басқа адамдарға жұқтыру».
Қазір жүкті әйел қажетті емін қабылдап жатыр. Оның бар үміті балаға еш зияны келмесе дейді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…