Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысы әкімі лауазымынан босатылды. Оның орнына Ералы Тоғжанов тағайындалды. Бұл туралы Ақорда жазды.
Бұған дейін Ералы Тоғжанов Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарып келген еді.
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылсын,
делінген хабарламада.
Өңір әкімі облыстық мәслихат отырысында сайланды. Облыс басшылығына Ералы Тоғжановпен қатар Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың кандидатурасы ұсынылған еді.
Дауыс беру нәтижесі бойынша Ералы Тоғжанов 104 дауыс (65%) жинады.
Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде құқықтану, ҚР Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтынад заңгер мамандығы бойынша білім алған.
Әр жылдары декан, институт директоры, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Дін істер комитетінің төрағасы, Маңғыстау облысының әкімі, кәсіподақтар федерациясының төрағасы болған.
2020 жылдан бері ол Премьер-министрдің орынбасары болып істеді.