Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Ердоған жеңілсе, Қазақстанда не өзгереді?
Саясат

Ердоған жеңілсе, Қазақстанда не өзгереді?

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 22.05.2023
Обновлено 22.05.2023 в 05:05
Поделиться
Поделиться

Түркиядағы сайлауда оппозиция жеңсе, қандай өзгерістер болады? Түркітілдес елдерге қарым-қатынас өзгере ме?

Кемал Қылышдароғлы елдің қай бағытына басымдық бергелі отыр. Саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева Кемал Қылышдароғлы билікке келген жағдайда қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты, деп жазған екен BAQ.KZ.

Кеше Түркиядағы президент сайлауының екінші туры басталды. «Анадолу» агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, 73 мемлекетте 167 сайлау учаскесі ашылды.

Түркияның шетелдегі өкілдіктерінде дауыс беру 24 мамырға дейін жалғасады. Шетелдегі бекеттерде, жер үстіндегі бақылау-өткізу бекеттерінде, әуежайлар мен теңіз айлақтарында 28 мамыр, сағат 17.00-де аяқталады.

20 жылдан астам билікте отырған 69 жастағы Режеп Тайып Ердоған билік еткен жылдары авторитарлық жүйе құрды, билікті өз қолына шоғырландырды, сонымен бірге елді ауыр экономикалық дағдарысқа әкелді. Ел арасында мұндай пікір бұрыннан қалыптасқан.

Ердоған 2014 жылы Түркия президенті болып сайланды. Оған дейін ол 2003 жылдан бері елдің премьер-министрі болып қызмет атқарды. 2018 жылғы соңғы сайлауда ол бірінші турда 52,6 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. 2016 жылы төңкеріс әрекетінен кейін президенттің өкілеттігі айтарлықтай кеңейтілді. Ал парламенттің өкілеттігі шектелген болатын. Қылышдароғлы сайлауалды науқанында жеңіске жеткен жағдайда Түркия парламенттік республикаға қайта оралады, президенттің өкілеттігі шектеледі деп уәде берді.

Ердоған өзін саяси ұстанымын діни құндылықтарға негіздеген саясаткер ретінде көрсетті. Ол президенттікке сайланғаннан бастап Түркияда авторитарлық тенденциялар күшейді. Мемлекетте президент институты күшейді, БАҚ пен сөз бостандығы шектелді. Ердоған кез келген наразылықты қатаң түрде басып отырды. Сондықтан оның билігі кезінде мемлекет демократиялық құндылықтардан алыстап , Еуропамен қарым-қатынас нашарлай түсті. Түркиядағы азаматтар бүгінгі таңда елінің келешегі үшін маңызды таңдау үстінде,

деді сарапшы.

Кемал Қылышдароғлының негізгі ұстанымы — демократия.

Түркияның сыртқы саясатын 180 градусқа өзгертеміз. Біз елімізге Еуропалық Одақ ұсынған бүкіл демократиялық ережелерді әкелеміз,

деді ол.

Кандидат мұндай өзгеріс тек Түркияда емес, бүкіл әлемде байқалатынын айтады. Сондай-ақ Қылышдароғлы Түркияның Еуропа Одағына кіру үшін ұзақ уақыт бойы тоқтап қалған өтінішін қайта жандандырғысы келетінін айтты.

Біз Батысқа және Батыс өркениетіне бет бұрамыз,

деді оппозиция өкілі. 

Ол сонымен бірге «Ресеймен жақсы қарым-қатынаста болғым келеді» деп өз позициясын нақтылаған еді.

Сарапшы Түркия элитасындағы ауысулардың Қазақстанға әсері туралы айтты. 

Әрине, Түркияның демократиялық көзқарастағы азаматтары үшін Кемал Қылышдароғлы елге көп жағынан ұтымды болып отыр. Қазақстанға келетін болсақ, екі елдің саясаты мен қарым-қатынасы күрт өзгеріп кетпейді деп ойламаймын. Бәлкім, Ресейге қатысты өзгерістерді, Еуропамен алыстау мен жақындасу секілді саяси өзгерістер күтуге болатын шығар. Қазақстан Түркия халқы таңдаған кез келген президентпен достық қарым-қатынас орнатады. Өйткені, еліміздің алға қойған мақсаттарының бірі – түркі интеграциясын дамыту және біздің көпвекторлы көзқарасымыз бар,

деп түйіндеді Үмбетәлиева.
ТЕГи: Геосаясат, Главное, Қазақстан, Сарапшылар ойы
Арман Ерғалиев 22.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?