«Титаникті» көру үшін Атлант мұхитының түбіне сүңгіген миллиардер қаза тапты

АҚШ-тың жағалау күзеті мұхит түбіндегі «Титаникті» тамашалауға шыққан туристер қаза тапты деп мәлімдеді. «Титан» сүңгуірі тиесілі компания мерт болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Іздестіру тобы Атлант мұхитында 18 маусымда жоғалып кеткен «Титанның» кейбір бөлшектерін тауып алды. Борттағы туристер тірі қалған жағдайда 96 сағатқа жететін оттегі бар еді. Кеше, яғни бейсенбіде ол таусылды. Кеше жағалау күзеті су астында белгісіз дүмпу болғанын тіркеген. Қазір оның анық-қанығы тексеріліп жатыр. АҚШ, Канада, Францияның құтқарушылары өткен жексенбіде жоғалып кеткен «Титанды» 30 мың шаршы шақырым аумақта іздеді.

Бір адамға 250 мың доллар тұратын туристік сапар осылайша, қайғылы аяқталды. Сүңгуір бортында британдық миллиардер, 19 жастағы ұлымен бірге пәкістандық кәсіпкер, француз зерттеуші және OceanGate-тің негізін қалаушы болған.

Қараңыз, Сіз 5 жастағы балаға шарды тес дейсіз, ол секундқа жетпей  жарылады. Мұхиттың астында да осыған ұқсас жағдай болды. Бір секундта жоқ болды. Дәл сондай жарылыс, бірақ қатты қысыммен ішіне қарай жарылды. Мүмкін, 4 күн бойы қиналғанша осылай болғаны дұрыс та шығар. Менің ойымша, ешкім не болғанын түсінбей де қалды,

дейді теңіз технологиясы сүңгуір көліктер комитетінің төрағасы Уилл Конен.

Айта кетейік, бұған дейін Атлант мұхитының түбіне түскен миллионердің жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз. 

Сая Манарбековна

Recent Posts

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

14 часов ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 недели ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago