Денсаулық

Алматы тауында серуендеген америкалық азамат бүйрегінен айырылды

17 жастағы АҚШ азаматы Алматы облысында тауда велосипедтен құлап, көп мөлшерде қан жоғалтқан. Көп ұзамай оны жедел жәрдем қызметкерлері облыстық ауруханаға жеткізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2006 жылғы науқас көп мөлшерде қан жоғалтып, ауруханаға ауыр күйде түскен. Тез арада зертханалық талдау жүргізіліп, туристің бүйрегін алып тастау жөнінде шешім қабылданған.

Шұғыл түрде зертханалық талдаулардың (коагуляция, биохимия, жалпы зерттеулер, инфекцияларды болдырмау) және аспаптық диагностиканың (ультрадыбыстық, МРТ, рентгенография) толық циклі жүргізілді. Сондай-ақ, компьютерлік томографияны жүргізу арқылы, оған сәйкес хирургиялық араласу көлемін анықталды, тамырлардың ерекшеліктерін, бүйрек пен несепағардың орналасуын бағаланды. Зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері бойынша бүйректің ауыр жарақаты байқалып, оның қызметін қалпына келтіру мүмкін еместігі көрінді. Бүйректі алып тастау үшін шұғыл нефрэктомия операциясын жасау туралы шешім қабылданды,

дейді уролог Қожай Мадигулов.

Баласының өмірін сақтап қалған дәрігерлерге анасы Евгения Лапитктің алғысы шексіз. 

Менің ұлым қатты жарақат алып, тауда демалу кезінде көп қан жоғалтты. Біз аурухана басшылығының атынан үлкен қолдауды сезіндік, әрбір хирургқа және әрбір урологқа алғыс айтамыз. Дәрігерлер менің ұлыма барынша көмек көрсетті,

дейді науқастың анасы.

Айта кетейік, Евгения Лапик пен оның ұлы Ром Робенсон жақында Америкадан келген туристер. Қазақстанға таулы аймақтарда белсенді демалыс өткізбек болған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago