Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар Айша Тимур табылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Қызды, кеше, 6 желтоқсанда кешке қарай тапқан. Айшаның жағдайы жақсы, ата-анамен кездесті.
Қызды троллейбустан тапты. Ол күні бойы қоғамдық көлікте ары-бері қатынаған болуы мүмкін. Басқа жағдайларды алда анықтаймыз. Ең бастысы — қыз аман-сау.
деді Алматы қаласы ӨМПС ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.