Қытайда ерлі-зайыптылар 12 жыл бұрын жоғалып кеткен ұлын тапты. Олар баласын табардан бұрын көлікпен келе жатып, қағып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Tiger басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғалған баланың ата-анасы Фошань қаласының көшелерінің бірінде көлікпен келе жатқан. Осы кезде әйел балалары бар бақытты отбасыларды көріп, көңілі босап кетеді. Ол күйеуіне: «Біздің ұлымыз қазір 15 жаста болар еді. Қазір қайда екен» деп жылай бастайды. Осы сөздерден кейін ер адам кенеттен жолға шыққан қайыршы жасөспірімді байқамай қағып кетеді.
Ерлі-зайыптылар балаға көмектесу үшін көліктен жүгіріп шығады. Бірақ жасөспірім қатты зардап шекпейді, тек денесі сырылып қалады. Дегенмен ерлі-зайыптылар жасөспірімді ауруханаға апаруға шешім қабылдайды. Басылымның хабарлауынша, ер адам зардап шеккен жасөпірімді ұлына өте ұқсатады. Сондықтан ол әйелінен жасырын түрде өз болжамдарын тексеру үшін ДНҚ тестін жасатады.
Осылайша анықтама нәтижелері жасөспірімнің ерлі-зайыптылардың ұлы екенін көрсетеді. Ер адам бұл туралы бірден әйеліне айтып, сол күні баланы үйіне алып кеткен.
Жасөспірім небәрі үш жасында жоғалып кеткен екен. Ата-анасы ұлын достарымен ойнауға қалдырған. Қайтып келгенде баласын таппай қалады. Оны біраз уақыт бұрын бөтен отбасы асырап алған. Кейінірек бөтен адамды әкесі деп санап, соңынан кетеді. Алайда ол жасөспірімді мазақ етіп, ұрып-соғып, жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Осыдан кейін бала үйден қашып, көшеде қалады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…